Мьянмаға қарай үдеу
Жаңалықтар жіберіліміне жазылу
Жазылу
#263Наурыз 2023

Мьянмаға қарай үдеу

мазмұнға оралу

Ақпан айының басында Мьянманың ірі қаласы мен бұрынғы астанасы Янгонда Росатомның бас директоры Алексей Лихачев пенпремьер-министр, Мьянманың Мемлекеттік әкімшілік кеңесінің төрағасы, аға генерал Мин Аун Хлайн атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойды. Бұл Мьянмада елдің дамуына ықпал ететін жаңа саланы құрудың кезекті қадамы.

ТҚАС+

«Елде жаңа саланы құру Мьянманың энергетикасына, өнеркәсібіне және экономикасына оң әсер ететіні сөзсіз. Атом технологиялары елге тұрақты және таза энергияға кепілдік береді, сонымен қатар жаратылыстану ғылымдарын, білім беруді дамытуға және жоғары білікті кадрларды даярлауға қуатты серпін береді. Біз Мьянманың ресейлік ядролық технологияға басымдық бергенін жоғары бағалаймыз», – деді салтанатты рәсімде Алексей Лихачев.

Келісім аясында Ресей мен Мьянма Мьянмада үлкен бірлескен бағдарламаның бөлігі ретінде төмен қуатты атом станциясын құру үшін жұмыс істейді. «Бұл келісім төмен қуатты атом станциясының жобасын іске асыру жөніндегі ынтымақтастықтың бастамасы ғана емес, сонымен қатар әртүрлі салаларда ядролық технологияларды қолдану болып табылады. Бұл елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етеді», – деп атап өтті Мин Аун Хлайн.

Ынтымақтастық тарихы

Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар 75 жыл бұрын құрылған. «Осы 75 жыл ішінде біздің қарым-қатынасымыз дәстүрлі түрде достық, сенімді қатынаста болды. Біздің достығымыздың белгісі болып табылатын екіжақты ынтымақтастық нысандары алпысыншы жылдардың басында, алпысыншы жылдардың екінші жартысында салынған болатын, бұл – технологиялық университет, Янгондағы қонақ үй, Таунджидегі госпиталь және Чемаутаундағы бөгет», – деді бірлескен жобалар туралы «Россия 24»-ке берген сұхбатында Ресейдің Мьянмадағы елшісі Николай Листопадов.

Атом – ынтымақтастықтың жаңа саласы. Мьянманың атом өнеркәсібіне деген қызығушылығы 2010 жылдары пайда болды. 2015 жылғы маусымда Петербург халықаралық экономикалық форумында екі елдің өкілдері атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Шешуші бағыттардың арасында – ядролық медицина, іргелі ғылым және радиоэкологиялық зерттеулер.

2016 жылғы қазанда меморандум аясында құрылған жұмыс тобы алғашқы кездесуді өткізді. Сонда ядролық технологиялардағы ғылыми-зерттеу жобалары мен мамандарды оқыту талқыланды. Жұмыс жүріп жатты, ал 2022 жылы серіктестік жаңа деңгейге көтерілді.

2022 жылғы шілдеде Мәскеуде Алексей Лихачевпен Мьянманың ғылым және технологиялар министрі Мьо Тейн Чжо Мин Аун Хлайнның қатысуымен  Росатом және Мьянманың Ғылым және технологиялар министрлігі арасында өзара түсіністік туралы екі меморандумға қол қойды. Құжаттарда атом энергетикасы үшін кадрларды оқыту мен даярлаудағы ынтымақтастық және Мьянмадағы атом технологиялары туралы қоғамдық оң пікір қалыптастыру туралы айтылды.

Қыркүйекте Шығыс экономикалық форумында Росатом, Мьянманың Ғылым және технологиялар министрлігі мен Электрлендіру министрлігі 2022-2023 жылдарға арналған атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Кадрлық және имидждік құрамдас бөліктен басқа, келісімде екіжақты нормативтік-құқықтық базаны кеңейту және ТҚАС ықтимал құрылысы туралы айтылды.

Қарашада Мьянманың бірнеше министрліктерінің өкілдері Ресей университеттері – Мәскеу инженерлік-физикалық институтының (МИФИ) Ұлттық ядролық зерттеу университетінің, Мәскеу энергетикалық институтының (МЭИ) Ұлттық зерттеу университетінің мүмкіндіктерімен танысып, сонымен қатар Росатомның Техникалық академиясына барып қайтты. МИФИ мен МЭИ бірнеше ондаған жылдар бойы Мьянманың студенттеріне энергетика, микроэлектроника, қолданбалы математика және басқа да мамандықтар бойынша мамандар дайындауда сабақ беріп келеді екен.

Өткен жылы ресейлік Сочиде өткен «Атомэкспо» халықаралық форумының алдында Мьянманың өкілдері Обнинскідегі Росатом кәсіпорындарында, ЛАЭС-те, Сосновый Борда болып, ВВЭР-1200 энергоблогының аналитикалық жаттықпасын, «Пещера» АЭС ғимараттарын 3D-көрсетуге арналған визуалды прототиптеу кешенін және басқа да атом нысандарын тамашалады.

Ал 22 қарашада «Атомэкспо»-да «Русатом Энерджи Проджектс» және Мьянманың Электрлендіру министрлігінің Электрэнергетикалық жоспарлау департаменті Мьянмадағы ТҚАС құрылысының алдын ала ТЭН құру бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

Тағы бір АТАО

2023 жылғы 6 ақпанда Янгонда Атом технологиялары жөніндегі ақпараттық орталықтың (АТАО) ашылуы өтті. Салтанатты шараға Мин Аун Хлайн мен Алексей Лихачев, жоғары дәрежелі қонақтар, сондай-ақ орталыққа алғашқы келушілер – мьянмалық оқушылар мен студенттер қатысты. Сол күні Ресей мен Мьянма арасында атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы Үкіметаралық келісімге қол қойылды.

Мьянма халқын атом технологиясы, радиациялық қауіпсіздік және инновация саласында оқыту үшін жаңа ақпараттық орталық құрылды. Орталық жастардың ғылыми мамандықтарға деген қызығушылығын дамытуға ықпал етеді және елде атом саласын дамыту үшін қажетті кадрларды даярлауды жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.

Янгондағы орталық ақпараттық орталықтар желісіндегі ең заманауи және озық болып шықты (бұл Росатом үшін 25-ші және шетелде 6-шы орталық). Интерактивті экспозиция бірегей экспонаттардан тұрады: келушілер өз білімдерін пайдалана отырып, «болашақ қаласын» сала алады, РИТМ-200 реакторының қалай жұмыс істейтінін көре алады, өздерінің радиоактивтілігін өлшей алады, радиофарпрепараттар және тағы көптеген нәрселер туралы біле алады. Орталық заманауи бейнезалмен жабдықталған. Оқыту фильмдерінде студенттер мен оқушыларға атомның қалай жұмыс істейтіні, атом энергиясының қайдан шығатыны және қалай бөлінетіні, АЭС қалай салынатыны және ядролық технологиялардың тағы қайда қолданылатыны туралы айтылады.

Жыл бойы ақпараттық орталық базасында Мьянманың БАҚ және сарапшылар қауымдастығының өкілдеріне арналған семинарлар, Ғылым және атом фестивалі, және мьянмалық ЖОО студенттеріне арналған МИФИ-ден ресейлік сарапшылардың дәрістері өтеді.