БРИКС кванттық форумына қош келдіңіз
мазмұнға оралуКванттық технологиялар бойынша халықаралық форум 2026 жылы Ресейде өтеді. Ол ғылым, технология және инновация саласындағы БРИКС іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген. Бұған дейін осы жылдың 6-7 шілдесінде Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен БРИКС XVII саммитінде бірлестік елдері кванттық технологиялардың дамуын қолдады.
Күнтізбедегі кванттық форум
Халықаралық кванттық технологиялар форумы БРИКС елдерінің іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген.
«Росатом» – академиялық институттарды, университеттерді, өнеркәсіптік компанияларды және стартаптарды қамтитын ресейлік кванттық технологияларды дамыту экожүйесінің негізгі қатысушыларының бірі. Ресей үкіметімен келісім бойынша 2020 жылдан бастап «Росатом» кванттық есептеулер бағытына жауап береді, ал 2026 жылдан бастап корпорацияның жауапкершілік саласына кванттық сенсорларды дамыту кіреді. «Росатом» кванттық жобасы тиісті ғылыми зерттеулерді жалғастыруды, сондай-ақ атом өнеркәсібінде және басқа салаларда кванттық инновацияларды практикалық қолдануды дамытуды көздейді. Жобаның маңызды құрамдас бөлігі -кванттық білім беруді дамыту.
Сондай-ақ, «Росатом» кванттық бағыт бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қолдайды. «Елеулі әлеуетке ие бола отырып, біз елдердің жоғары технологияларға әділ қол жеткізуін қолдаймыз, өйткені, сайып келгенде, ғылыми-техникалық прогрестің мақсаты бүкіл әлемдегі адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту болып табылады. Біз халықтардың болашақ технологиялар саласындағы ынтымақтастыққа деген ұмтылысын және кванттық технологияларды БРИКС күн тәртібіне енгізуді толығымен қолдаймыз», – деді «Росатом» кванттық технологиялар жөніндегі директоры Екатерина Солнцева.
БРИКС елдерінің ғылым және білім министрлерінің 13-кездесуінің қорытындылары бойынша декларацияда (Саммит аясында өтті) кванттық технологиялар басымдықтардың біріне айналғаны атап өтілді: «Біз Бразилияның жасанды интеллектті, кванттық технологияларды және өнеркәсіптегі инновацияларды 2025 жылға арналған басымдықтар ретінде қарастыру туралы ұсынысын озық технологияларды және ұлттық қайта индустрияландыру процестерін қарқынды дамытудың жаңа контекстінде жоғары бағалаймыз. Осы тақырыптарда биылғы жылы ғылым, технология және инновация саласындағы БРИКС-тің әртүрлі диалогтары мен бастамаларына баса назар аударылды». Естеріңізге сала кетейік, БҰҰ 2025 жылды кванттық ғылым мен технологияның Халықаралық жылы деп жариялады.
Ресейдегі кванттық эволюция
Ресейлік кванттық жобаны жандандыру 2020 жылы кванттық технологиялар бойынша бірқатар жол карталарына қол қоюмен басталды. «Росатом» үйлестіретін «Кванттық есептеу» жол картасының бөлігі ретінде 2025 жылдың басында барлық төрт басым платформада жұмыс істейтін кванттық есептегіштер құрылды: иондарда 50 кубиттік, атомдарда 50 кубиттік, фотондарда 35 кубиттік және асқын өткізгіштерде 16-кубиттік. Сондай-ақ кванттық оңтайландыру, кванттық химия, кванттық модельдеу, үлкен деректерді өңдеу және т.б. сынақ және модельдік есептерді шешу үшін 34 кванттық алгоритм әзірленді. Кванттық есептегіштерге қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша болашақ қызмет ретінде отандық бұлтты платформа құрылды. 2030 жылға дейінгі кванттық жобаның фокусы кванттық технологияларды өнеркәсіптің әртүрлі салаларында, ең алдымен атом саласында практикалық қолдану болады.

Ресейлік ғалымдар алға қойған мақсаттардың бірі, – кванттық регистрлерді масштабтау (кубиттер санын көбейту) және операциялардың дәлдігін арттыру. Сондай-ақ, жоспарларда кванттық құрылғыларды миниатюризациялау бар. 2030 жылға қарай ресейлік кванттық есептеу бағдарламасының нәтижесі 300 кубиттік ресейлік кванттық процессордың құрылуы болады. Ең бастысы – практикалық мәселелерді шешуге көшу керек.
Кванттық есептеулерді оңтайландыру, жаңа материалдарды, соның ішінде дәрілік субстанцияларды жасау мәселелерін шешу үшін пайдалану болжанады, дербестендірілген медициналық технологиялар дамиды, логистикалық операциялар біршама арзанырақ және тиімдірек болады.
Кванттық технологиялар атом саласында да қолданылады. Осылайша, IV буынды атом энергетикалық жүйесін құруға бағытталған «Серпіліс» жобасы шеңберінде кванттық шабыттандырылған алгоритмдерді пайдалана отырып, өндірістік қуаттарды оңтайлы жүктеу және тұтынушылар арасында ядролық отынды бөлу үшін ұзақ мерзімді өндірістік жоспардың және ядролық отынды жеткізудің тестілік оңтайландыру мәселесі шешілді.
«Росатом» кванттық есептеулерді қолдану ісінде – логистикада, машина жасауда, ядролық отынмен жұмыс жасауда мұқият алға жылжып келеді. Әрине, төртінші буын АЭС жобаларында – бұл бірегей үлгі, мұнда біздің түсінігіміз бойынша, кванттық технологиясыз мүлдем іс жүрмейді. Біз өнеркәсіптік кванттық компьютердің пайда болуына қарай практикалық қызметке дайын болуымыз үшін кванттық есептеулер мен алгоритмдерді қолдана отырып, индустриялық мәселелерді шешуді үйрену қажет», – деді «Росатом» бас директоры Алексей Лихачев 2025 жылдың маусымында Санкт-Петербург Халықаралық экономикалық форумы шеңберінде «Кванттық серпіліс: ғылымға инвестиция салудан бизнес-жобаларға қарай» бизнес-таңғы асында сөйлеген сөзінде.

