ВВЭР-ТОИ — әр әрпімен үздік
мазмұнға оралуРосатом тек реакторлық технологияларды ғана емес, жалпы атом энергетикалық блоктарын салу тәсілдерін де үздіксіз жаңғыртып келеді. Бұған айқын мысал — ВВЭР-ТОИ жобасы бойынша салынған Ресейдегі Курск АЭС‑2 станциясында 2026 жыл қарсаңында желіге қосылған №1 энергетикалық блок. Оның аясында алынған тәжірибелер алдағы жаңа жобаларда да қолданылады.
ВВЭР-ТОИ аббревиатурасы «су-су энергетикалық реакторы — типтелген, оңтайландырылған, ақпараттандырылған» дегенді білдіреді. ВВЭР-ТОИ — бұл қауіпсіздікке қойылатын ең жаңа талаптарға (оның ішінде «Фукусима» АЭС апатын ескере отырып) және әлемдік нарық талаптарына сай келетін жаңартылған типтік атом энергетикалық блогының жобасы. Бұған дейінгі типтік жоба 1980 жылы әзірленіп, сол жоба бойынша Балаков, Ростов, Калинин, Запорожье АЭС, сондай-ақ Чехиядағы «Темелин» және басқа да нысандарда блоктары салынған. Сондықтан ол типтелген деп аталады.
Жаңа жоба бірден бірнеше міндетті шешті. Ең алдымен — бәсекеге қабілеттіліктің 24 өлшемшарттрына сәйкес келу. Ол үшін мемлекеттік корпорация мамандары бас жоспардан бастап электртехникаға дейін жобалық шешімдерді ауқымды түрде оңтайландырды. Тасымалдауды ұйымдастыру, ТП БАЖ, жоспарлау, негізгі ғимараттар мен құрылыстардың сәулеттік-құрылыс және технологиялық шешімдері, сондай-ақ қауіпсіздік тұжырымдамасы қайта қаралды. Сондықтан ол оңтайландырылған.
Тағы бір міндет — энергетикалық блок туралы ақпаратты оның бүкіл тіршілік кезеңі бойында басқаруға мүмкіндік беретін шешімдерді жасау. Жоба іске қосылған кезде әлемдік нарықта мұндай шешімдер болмағандықтан, «Росатом» оларды өз бетінше әзірледі. Сондықтан жоба ақпараттандырылған.
Нәтижесінде блок туралы барлық ақпаратты бір орталықта жинақтайтын жүйе құрылды. Онда жобалау мен конструкциялау, сатып алу қызметін жүргізу, жеткізілімді, мерзімдерді, қорларды және бағаны басқару, деректерді верификациялау, талаптардың орындалуын бақылауға болады. Осы жұмысқа «Росатомның» екі мыңнан астам мамандары тартылды. Олар АЭС жобасының өзгермейтін бөлігінің кешенді ақпараттық үлгісін жасады, оны әртүрлі құрылыс алаңдарында тираждауға болады.

Енгізілген жаңалықтардың арқасында Курск АЭС-2 станциясындағы әрбір энергетикалық блоктың жобалық қуаты алдыңғы буын блоктарымен (ВВЭР-1000) салыстырғанда 25 %-ға артты, 1250 МВт жетті. Негізгі жабдықтардың қызмет ету мерзімі екі есе ұлғайды. Энергетикалық блоктың жабдықталуында пассивті және белсенді қауіпсіздік жүйелері үйлесімді түрде біріктірілген. Олар апат жағдайында блоктың (кемінде 72 сағат бойы) автономды жұмыс істеуін, ортақ себептен болатын істен шығулардан қорғауды, адамдық фактордың әсерін барынша азайтуды қамтамасыз етеді. Блоктың сейсмикаға төзімділігі арттырылған: ол MSK-64 шкаласы бойынша 7 баллдық жер сілкінісіне, ал қауіпсіздік функцияларын орындайтын құрылымдар мен тораптар 9 баллға дейінгі сілкініске төтеп береді. Техникалық шешімдер блоктың ауыр ұшақтың құлауына (20 тонна — базалық нұсқа, 400 тонна — опция), басқа да шектен тыс сыртқы әсерлерге (дауылдар, құйындар, су тасқындарына) төзімділігін қамтамасыз етеді.

Жаңа жылдық сыйлық
Курск АЭС-2 станциясының ВВЭР-ТОИ реакторымен жабдықталған бірінші энергетикалық блок 2025 жылғы 31 желтоқсанда желіге қосылды. «Курск энергетикалық блогы — ВВЭР-ТОИ жобасы бойынша салынған ең жаңа буын атом энергетикалық блоктарының алғашқы іске асырылған үлгісі. Бұл жоба атом энергетикасындағы соңғы жетістіктерді бойына сіңіріп қана қоймай, сонымен қатар Росатом паркіндегі ең қуатты энергетикалық блок болып табылады: 1250 МВт, бұл бұрынғы рекорд иелері — Ленинград АЭС-2 энергетикалық блоктарынан 50 МВт-қа артық», — деп атап өтті Алексей Лихачев, «Росатомның» бас директоры.
2026 жылғы 29 қаңтарда Курск АЭС-2 станциясындағы ВВЭР-ТОИ реакторы бар бірінші энергетикалық блокта тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану кезеңі басталды. Бұл энергетикалық іске қосудан кейінгі келесі кезең. Бағдарлама энергетикалық блоктың қуатын біртіндеп 100 %-ға дейін арттыруды көздейді.
Росатом мамандары Курск АЭС-2 блоктарын салу барысында жинақталған тәжірибені және ең жоғары нәтижелілк пен экономикалық тиімділік көрсеткен шешімдерді пайдалана отырып, базалық жобаны одан әрі жетілдіруді жалғастырады. Реактор қондырғысы және экстремалды әсерлерден қорғау жүйелері, сондай-ақ маневрлілік, МОКС-отынын қолдану мүмкіндігі, үнемділік – яғни ресейлік ұсынысты әлемдік нарықта бірегей және шетелдік тапсырыс берушілер үшін жоғары сұранысқа ие ететін себептердің барлығы жетілдіріледі.

