Арктикалық қозғалыс
Жаңалықтар жіберіліміне жазылу
Жазылу
#280Тамыз 2024

Арктикалық қозғалыс

мазмұнға оралу

Росатом Солтүстік Еуропа мен Азия арасындағы ең қысқа жүк бағытжолы, халықаралық серіктестік және арктикалық кеме құрылысы ретінде Солтүстік теңіз жолының (СТЖ) инфрақұрылымын дамыту үстінде. Бұл елдің Арктиканы игерудегі үлкен стратегиясының бөліктері болып табылады.

Солтүстік теңіз жолы бойынша жүк тасымалын дамыту

Шілде айының басында Росатом мен қытайлық NewNew Shipping Line логистикалық компаниясы «Экспресс СМП № 1» жаңа мультимодальды бағытын іске қосты. Мәскеу маңындағы «Белый Раст» логистикалық орталығынан контейнерлері бар теміржол құрамы Архангельск қаласына бағыт алды. Бұдан соң жүктерді контейнер тасушы кемеге тиеу және СТЖ арқылы Қытайдың Шанхай және Нинбо порттарына тасымалдау жүзеге асырылды. Ал тамыз айының ортасында Архангельск теңіз сауда портында «№1 Арктикалық экспресс» бағыты бойынша Қытайдан келген алғашқы кеме салтанатты түрде қарсы алынды. Содан кейін жүк Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларына жіберілді.

Жыл соңына дейін барлығы 12 рейс жүзеге асырылады. Маршруттың ұзындығы теміржол бойымен шамамен 1,2 мың км және 6,6 мың теңіз милін құрайды. «Арктикалық экспресстің басталуы Солтүстік теңіз жолы жобасын дамыту аясында тарихи маңызға ие. Маршрут екі елдің логистикасын дамытуға жаңа серпін береді және сауда саласындағы ынтымақтастыққа ықпал етпек», – деді салтанатты рәсімде NewNew Shipping Line өкілі Кэ Цзинь.

Маршруттың іске қосылуы – ағымдағы жылдың маусым айында Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында Росатом мен NewNew Shipping Line қол қойған келісімді жүзеге асырудың бастамасы. «Біз Росатоммен ынтымақ қатынастамыз және барынша қолдау аламыз. Ең бастысы, СТЖ арқылы тасымалдау жеткізу мерзімін қысқарта алатынын түсінеміз, бұл болса кез келген көлік компаниясының басты міндеті», — деп мәлімдеді Newnew Shipping Line төрағасы Фан Юсин.

Басқа тасымалдар да өз кезегімен жүргізілуде. Мәселен, шілде айының басында Тілек мүйісі аймағында «Вайгач» атом мұзжарғышы шығыс бағытта үш кемені бастап өтті. Олардың міндеті — мұнай өнімдері мен басқа жүктерді Ресейдің шалғай аудандарына тасымалдау.

Сондай-ақ шілде айының соңында биылғы жылы бірінші субсидияланған каботаж рейсі шықты. Ол Архангельск — Находка — Мурманск бағыты бойынша өтіп, Корсаков, Певек, Магадан және Петропавл-Камчаткаға соғады. Қиыр Шығыстан Мурманскіге «Леди Д» балық өнімдерін әкеледі. Өткен жылдағыдай осы жылы да барлығы осындай үш рейс жүзе асырылмақ. Ресейдің солтүстік-батысы мен Қиыр Шығыс арасында жұмыс істейтін жүк жөнелтушілерге айқын жөнелту мерзімдері бар каботаж желісі Санкт-Петербургтен Владивостокқа дейінгі СТЖ жоларнасындағы порттарға жүктерді жеткізуге мүмкіндік береді. Рейстердің географиясы кеңейіп келеді, тек биылдың өзінде порттардың саны 11-ден 14-ке дейін артты.

Осылайша, Росатом Солтүстік теңіз жолындағы өзінің негізгі міндеті – қауіпсіз жүк тасымалын қамтамасыз ету қызметін дамытып жатыр. Бұл Арктикадағы инвестициялық жобаларды дамытуға арналған жүктер, Арктикадағы шалғай жатқан елді мекендер үшін тіршілік көзін қамтамасыз ететін жүктер, ең бастысы, ресейлік компаниялардың сауда операциялары шеңберінде жүргізілетін жүктердің экспорты, импорты және транзиті.

Росатом Солтүстік теңіз жолындағы инфрақұрылымдық оператор болып табылады. ЖМК дирекциясына Солтүстік теңіз жолы бойынша жүзуге рұқсат беретін және СТЖ бойынша рейстерді ақпараттық-навигациялық сүйемелдеу қызметтерін ұсынатын «СТЖ Бас басқармасы», мұзжарғыштары СТЖ арқылы өтетін кемелерді бастап өткізетін «Атомфлот» және порт инфрақұрылымын құру және теңіз түбін тереңдету арқылы жүзу қауіпсіздігін жақсартып, Солтүстік теңіз жолындағы кемелер үшін жаңа мүмкіндіктер жасап отырған «Гидрографиялық кәсіпорын» кіреді.

Сондай-ақ, Росатом Арктикада жер қойнауын пайдалану саласындағы өз жобаларын және шағын атомдық генерация сегментіндегі жобаларды –қалқымалы және жер үсті жобаларын дамытады.

Халықаралық контексте

Ресей – Арктикадағы ең ірі инвестор. «Яков и партнеры» компаниясының «Ресей Федерациясының Арктикалық аймағы: тәуекелдер мен даму перспективалары» баяндамасында атап өтілгендей, «Ресей Федерациясының Арктикалық аймағын дамыту және 2035 жылға дейінгі кезеңге ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету стратегиясында» көзделген инвестициялар көлемі 187 млрд долларды құрайды. Негізгі мақсаттар мен міндеттер – РФАА, ғылым мен технологияларды кешенді әлеуметтік-экономикалық дамыту, заманауи инфрақұрылымды қалыптастыру. Ең маңызды жобалар – СТЖ дамыту, энергия тасымалдаушылар мен металдар кен орындарын игеру, СТГ зауыттарын салу.

«Норвегия өз стратегиясына сәйкес 97 миллиард доллар, Швеция 96 миллиард доллар инвестициялауды жоспарлап отыр. Канада Арктикаға 73 миллиард доллар, АҚШ 33 миллиард доллар инвестиция салуға ниетті. Финляндия, Дания және Исландияның инвестициялары тұтас алғанда 35 миллиард долларды құрайды», – делінген баяндамада.

Қытай да Арктикада өзінің қатысуын арттыруға ниетті. «Инвестициялық және коммерциялық қызметті, ғылыми-зерттеу және гуманитарлық жобаларды, аймақтарды дамытуға қатысуды және Арктиканы басқару мәселелеріндегі бастамаларды біріктіре отырып, Қытай Арктика мемлекеттерімен текетіреспей, осы аймақтағы өзінің геосаяси ұстанымдарын жоспарлы түрде бекітуде», – делінген баяндамада.

Аймақтың экономикалық маңызы

Ресейдің арктикалық аймақтарының дамуы көбінесе көмірсутектер мен қатты пайдалы қазбалардың — темір кені шикізатының, никельдің, алмаздың, көмірдің, мыстың, алтынның және т.б. кен орындарын игерумен тікелей байланысты. 2022 жылы Ресей Үкіметі қаржыландыру көлемі шамамен 1,8 трлн рубль (19.5 млн доллар) болатын СТЖ-ны 2035 жылға дейін дамыту жоспарын бекітті. Негізгі мақсаттары – Қиыр Солтүстіктің тұрғындары үшін жүктердің сенімді және қауіпсіз тасымалдануын қамтамасыз ету, сондай-ақ Ресейдің арктикалық аймағында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға жағдай жасау, – делінген үкімет порталындағы түсініктемеде.

Өндіруші және өңдеуші кәсіпорындардың құрылысы, сондай-ақ дайын өнімді шығару дамыған көлік жүйесінің болуымен тікелей байланысты. Сондықтан, Солтүстік теңіз жолында кеме қатынасын дамытуға және достас елдермен серіктестік орнатуға бағытталған күш-жігер елдің экономикалық, технологиялық және саяси егемендігі үшін, сондай-ақ тауарларды қысқа мерзімде және еш қауіп-қатерсіз жеткізу маршруттарын құру және жақсарту арқылы халықаралық сауданы дамыту үшін стратегиялық тұрғыдан маңызды. Солтүстік теңіз жолы бойынша жүк ағыны 2035 жылға қарай 220 млн тоннаға дейін өсуі тиіс.

Кеме құрылысы басты назарда

Арктикалық класс кемелерінің құрылысы Арктиканы дамытудағы негізгі мәселелердің бірі болып табылады, өйткені ол барлық ірі бейінді және жалпы экономикалық форумдарда, соның ішінде Шығыс және Петербург Халықаралық экономикалық форумдарында, «Нева» форумында және т.б. бірнеше рет көтерілді.

Осылайша, Солтүстік теңіз жолы бойымен жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 15 авариялық-құтқару кемесі, оның ішінде буксирлер мен әртүрлі қуаттағы көпфункциялы кемелер салынуда. Алдағы алты жылда тағы 30 осындай кемеге келісімшарт жасалады деп болжануда.

Ресейдің Қиыр Шығысындағы «Звезда» кеме жасау зауыты тапсырыс берушілерге Aframax типті бес мұнай құю танкерін тапсырды, сыйымдылығы мен мақсаты әртүрлі 26 кемеге келісімшарт жасалды. Кеме жасау зауытын 2037 жылға дейін жүктеу жоспарында әртүрлі мақсаттағы тағы 92 мұз класты кеме жасау (контейнерлік кемелер, құрғақ жүктер, балкерлер, танкерлер) бар.

Жыл соңына дейін тағы бір кеме жасау зауытын салу туралы шешім қабылданады деп болжануда (Ресейдің солтүстік-батысы мен Қиыр Шығысындағы жерлер қарастырылуда). Сондай-ақ, кемелер үшін негізгі компоненттер өндірісін құру бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде және онда да Росатом маңызды рөл атқарады.

Нарықтың шетелдік қатысушыларымен жаңа серіктестіктер жолға қойылуда. Осылайша, Росатомның NewNew Shipping Line компаниясымен келісімі жоғары мұздық класс контейнер тасымалдағыш кемелер салу үшін бірлескен кәсіпорын құруды және контейнерлік желіні басқаруды көздейді.

Жоғары мұздық класс кемелері – бұл тек Ресейде ғана емес, сонымен бірге Арктикаға қатысы бар немесе қатысты болуға ниеті бар кез келген мемлекет үшін Арктиканы игерудің қажетті шарттарының бірі. Солтүстік Мұзды мұхит – бұл тұрақты және қауіпсіз навигация үшін қуатты мұзжарғыштардың болуы қажет кеңістік.

Басқа елдерден бөлек, Ресейдің бұл салада үлкен артықшылығы, яғни атомдық мұзжарғыштары бар. Барлығы жетеуі бар, соның ішінде ең заманауи 22220 жобалары. Олар үшеу: «Арктика», «Сібір», «Урал». Тағы үшеуі «Якутия», «Чукотка» және «Ленинград» белсенді түрде салынуда, ал алғашқы екеуі жоғары дайындық дәрежесінде. «Якутия» реакторларының екеуіне де отын әзірленіп қойған. Якутия 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп болжануда. Сол жобаның тағы бір мұзжарғышы «Сталинград» 2025 жылы салынады деп күтілуде.

Сондай-ақ, бірегей мұзжарғыш қабілеті төрт метрден асатын 10510 («Лидер») жобасының «Ресей» мұзжарғышының құрылысы жүріп жатыр. Оны пайдалану Солтүстік теңіз жолымен жыл бойы кемелердің жүруін қамтамасыз етеді. Ол 2030 жылдың соңына дейін дайын болады деп ұйғарылады.

Арктикаға ұқыпты қарау

Росатомның маңызды міндеттерінің бірі – Арктика аймағының бірегей экожүйесін сақтау. Росатом Мәскеу мемлекеттік университетінің Теңізді зерттеу орталығымен бірге 2021 жылдан бастап СТЖ акваториясына экологиялық мониторинг жүргізіп келеді. Оның мақсаты – бағытжолдың экологиялық қауіпсіздігін бақылау және қоршаған ортаға жағымсыз әсерлердің алдын алу. Далалық зерттеулер СТЖ-ның негізгі порт акваторияларында жүргізіледі.

Тұтастай алғанда, Солтүстік теңіз жолы жүк тасымалының тұрақтылығын, жаһандық логистикалық тізбектің орнықтылығын қамтамасыз ететін үйреншікті және түсінікті халықаралық бағытқа айналады. Осындай бағыт бойынша әлемнің түкпір-түкпірінен компаниялар жүктерді тез, ыңғайлы және қауіпсіз тасымалдай алады.