Тұрақтылық аймағы
Жаңалықтар жіберіліміне жазылу
Жазылу
#262Ақпан 2023

Тұрақтылық аймағы

мазмұнға оралу

Жер сілкінісі кезінде, бір уақытта бірден төрт блок соғылып жатқан Түркиядағы «Аккую» АЭС-ы зардап шеккен жоқ. Құрылыс жалғасуда. Жобаға қатысушы компаниялар жер сілкінісінің нәтижесінде қирап қалған аудандарға үйінділерді сұрыптауға адамдар мен техника жіберді.

Табиғи апат  

6 ақпанға қараған түні Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясының маңында 7,8 балдық жер сілкінісі болды. Артынша, Мәскеу уақытымен сағат 13:24-те аймақта 7,7 магнитудалы екінші, ал бірнеше минут өткен соң – 6 магнитудалы үшінші жер асты дүмпуі тіркелді. Ел президенті Режеп Ердоған бұл 1939 жылдан бергі ең күшті жер сілкінісі деп мәлімдеді.

Жер сілкінісінің эпицентрі, зардап шеккен Сириямен шекара маңында шамамен 50 км жерде болған. 20 ақпандағы деректерге сүйенсек, Түркияда 41 мыңнан астам адам қаза тауып, 100 мыңнан астам адам жарақат алған. Сирияда 5,5 мыңнан астам адам қаза тауып, 10 мыңға жуық адам түрлі жарақат алған. Түркияда жеті күндік аза тұту жарияланды.

«Аккуюдың» жағдайы қалай болды

Алаңда 12 балдық MSK-64 межелігі бойынша шамамен 3 баллдық жер асты дүмпулері сезілді. «Аккую Нуклеар» компаниясының бас директоры Анастасия Зотеева, -«Біздің мамандарымыз құрылыс конструкцияларына, крандарда, жабдықтарда ешқандай зақымдануларды анықтаған жоқ», – деп атап өтті. Құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғасып жатыр.

Сейсмикалық төзімділік қоры

Төтенше жағдайлардың салдарын алдын алу және жою басқармасы (AFAD) жасаған Түркияның жер сілкінісі картасының деректері бойынша «Аккую» АЭС алаңы жіктелуі бойынша сейсмикалық ең қауіпсіз — бесінші дәрежелі аймақта орналасқан. Бүкіл бақылау тарихында аймақтың 50 шақырымдық аймағында жойқын жер сілкінісі байқалған емес. Дегенмен, станция жобасы жергілікті аймақтың сейсмикалық ерекшеліктерін ескереді.

«Аймақтағы жер сілкініс эпицентрлері және оларға ере жүретін көптеген кейінгі дүмпулер, қайталама дүмпулер — Шығыс Анадола жарығы мен Өлі теңіз жарығы сияқты ең ірі тектоникалық құрылымдардың және олардың буындасқан аймағымен байланысты. Жобалық құжаттаманы әзірлеу кезеңінің сейсмикалық қауіпті анықтау кезінде бұл аумақтар жер сілкінісінің ықтимал ошақтарының аймақтары ретінде қарастырылды. Әр түрлі аймақтарға бөлу үлгілерінде оларға максималды 8,4, 8,2 және 7,9 магнитудалары тіркелді. 6 ақпанда болған жер сілкінісінің магнитудасы сейсмикалық қауіпті бағалау кезіндегі ескерілген магнитудадан төмен», – деп «Атомэнергожобаның» «Аккую» АЭС-ын жобалау жөніндегі директоры Михаил Иванов мәлімдеді.

Ол, сейсмикалық төзімділіктің есептік негіздемесін Ресейдің жетекші ғылыми-зерттеу ұйымдары – «Вибросейм» ОҚТИ және «Строительство» ҒЗО тексергенін айтып өтті.

АЭС ғимараттары сейсмикалық әсерге төзімді болуы үшін борпылдақ топырағын тасты негізіне дейін қырып алып, бетонмен ауыстырылды. Алаңда екі, сонымен қатар 40 шақырымдық аймақта 12 сейсмикалық станция орналасқан. Олардан алынған мәліметтер Түркиялық Кандилли Обсерваториясы және Жер сілкіністерін зерттеу институтына беріледі. «Аккую Нуклеар» релизінде: «Егер мониторинг барысында параметрлердің жобалық параметрлермен салыстырғанда өзгергені анықталса, жедел түрде қайта есептеу жүргізілетін болады, қажет болған жағдайда — техникалық және басқа да құрылымдарды күшейту жөніндегі іс–шаралар жүзеге асырылатын болады», – делінген.

Жоба бірқатар факторларды үйлестіру ықтималдығын ескереді, атап айтқанда: дүниежүзілік мұхит деңгейінің жоғарылауы, жел толқынының, тасқынның, дауылды желқуманың, барометрлік әсерлер және т.б. пайда болуы. Теңіз деңгейі 8,63 м-ге көтерілсе де немесе биіктігі 6,55 м цунами болса да АЭС қорғалады (мұндай цунамидің ықтималдығы 10 мың жылда бір рет).

Зардап шеккендерге көмек

Режеп Ердоған 10 провинцияда үш айлық төтенше жағдай енгізді. Елге әлемнің түкпір-түкпірінен көмек жіберілуде.

«Аккую Нуклеар» компаниясының мобилизацияланған дайындық бөлімі, АҚжәнеТЖ бөлімі, апаттық орталықтары AFAD-пен ынтымақтастықта. АЭС құрылысын салумен айналысатын компаниялар зардап шеккендерге жылы киімдер мен алғашқы қажетті заттарды жинауды ұйымдастырды. Бұл компаниялардың қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар сыртқы киімдер, аяқ киімдер, көрпелер, жылытқыштар, төсек қаптарды және көптеген басқа заттарды әкеліп жатты. 7 ақпанның кешіне қарай 4 тоннадан астам гуманитарлық көмек Силифке қаласының муниципалитетіне табысталды. Сондай-ақ, АЭС құрылыс алаңында және «Аккую Нуклеар» компаниясының Анкара мен Мәскеудегі кеңселерінде ақша жиналды. Силифкедегі Қызыл Жарты Ай бөлімшесінде және Буюкеджелидегі жұмысшылар қалашығында қосымша донорлық қанды қабылдау пункттері ашылды.

«Аккую» АЭС құрылысын салушы мердігер ұйымдар үйінділерді сұрыптау үшін 700-ден астам адам және 80-ге жуық техника жіберді, атап айтқанда: крандар, тартқыштар, экскаваторлар, өзі аударғыштар; Адана әуежайына келіп жатқан дәрігерлерді зардап шеккендерге жеткізу үшін 60-тан астам автобус бөлінді. «Аккую» АЭС-ның өрт қауіпсіздігі қызметінің 15 өрт сөндіру қызметі Искендерун портындағы өртті сөндіруге көмектесті.

«Мұндай апатқа ат салыспай шетте қалу мүмкін емес және біз әріптестерімізге және құрылыстағы барлық қызметкерлеріміздің көрсеткен көмегі үшін алғыс айтамыз. Әрбір секунд қымбат болатын жағдайларда барлық күштер мен ресурстар бірден жұмылдырылды. Әрине, біз қабылданған шаралармен ғана шектеліп қоймай, зардап шеккендерге барынша қолдау көрсетеміз. Біздің Түркия халқының қайғысына ортақпыз, қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамыз, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз және үйінділердің астында қалғандардың барлығының өмірі сақталады деген үміт артамыз», — деді Анастасия Зотеева.