Өзін-өзі қамтамасыз етуге бағытталған беталыс
Жаңалықтар жіберіліміне жазылу
Жазылу
#261Қаңтар 2023

Өзін-өзі қамтамасыз етуге бағытталған беталыс

мазмұнға оралу

2023 жылы алғашқы болып, атом нарығындағы үрдістер туралы әңгімені біз уран нарығы мен геологиялық барлау бойынша анықтамалық – «Қызыл кітаптан» бастайық деп едік, бұны ЭЫДҰ Ядролық энергия агенттігі Атом қуаты халықаралық агенттігімен (МАГАТЭ) бірге екі жыл сайын басып шығарады. Бірақ дайын болғанына қарамастан анықтамалықтың жариялануы кешігіп қалды. Сондықтан ядролық отын нарығының еуропалық және американдық сегменттерінде өзін өзі қамтамасыз етуді ұйымдастыру қалай жүргізілетіні туралы әңгімелесейік.

Берілген уәдені бір жылдай күтуде

Канада үкіметі Ресейге қатысты енгізген ықпалшаралардың себебінен Cameco уран өндіретін канадалық компаниясы Инкай қазақстандық кен орнынан уранның өз үлесін тіпті өткен жылдың аяғына дейін ала алмады (Cameco «Қазатомөнеркәсіппен» аттас БК 40% ие болады). Жеткізу мәселесі туралы компания 2022 жылғы 1 тоқсан қорытындылары бойынша релизде ғана хабарлады. Ықпалшараларды енгізгенге дейін сары кекті Канадаға Санкт-Петербург арқылы әкететін болған.

Тек қыркүйекте ғана сары кек топтамасын Транскаспий халықаралық көлік бағдары арқылы (Әзірбайжан мен Грузия арқылы) жіберді. 20 желтоқсанда «Қазатомөнеркәсіп» хабарлаған: «Қазатомөнеркәсіпке тиесілі уранды да, «Инкай» БК» ЖШС тиесілі уранды да қамтитын жүк канадалық портқа сәтті жетті».

2022 жылғы екінші және үшінші тоқсандардың қорытындылары бойынша релиздерде Cameco компаниясы, кешігіп қалу акционерлік капиталдың пайдасы мен дивидендтеріне, сондай-ақ «Инкай» тарапынан пайданың мерзімдері мен үлесіне әсер етуге мүмкіндік туралы ескертті.

Осылайша, канадалық үкіметінің әрекеттері өзінің канадалық компаниясына қайшы болып келді. «Қазатомөнеркәсіп» 2022 жылғы үшінші тоқсанның қорытындылары бойынша релизде: «Бүгінгі таңда компанияның бүкіл әлем бойынша клиенттеріне дайын өнімді жеткізуге байланысты қандай да болса шектеулер байқалмайды» деп ескерткен.

Қалдықтардан өндірілетін финдік уран

Terrafame фин компаниясы Sotkamo кенішінде никель-мырыш өндірісінің қалдықтарынан уран өндіру ниеті туралы мәлімдеді. «Қалпына келе бастап, Terrafame уранның фин өндірушісі болады, осылайша, біз еуропалық энергетикалық өз-өзіне жеткіліктілікті жасаймыз», – бұл компания әрекеттеріне берілген түсініктеменің біреуі. Өндіру 2024 жылдан кешіктірмей басталады, ал 2026 жылға қарай өндіріс жылына 200 тоннаға жуық уран – толық қуатымен жүргізіледі деп болжамданады. Салыстыру үшін, Дүниежүзілік ядролық қауымдастығының (WNA) деректері бойынша «Олкилуото» АЭС іске қосқаннан кейін Финляндияның жылдық қажеттілігі 421 тонна уранды құрайды, ал еуропалық АЭС – жылына шамамен 49 мың тонна уранды қажет етеді.

Terrafame әрекеттері – бұл уран өндіруді баптаудың екінші талпынысы. Біріншісі 2011 жылы байқалған болатын. Осы жылдың ақпан айында Sotkamo-ның Talvivaara Mining Company Plc компаниясы-операторы (бұдан әрі – Talvivaara) Cameco -мен уранды жылына 350 тонна өндіру қуатымен уран өндіру қондырғысының құрылысын қаржыландыру туралы мәміле жасаған. Жұмсаған қаражатты Cameco уран түрінде қайтаруды жоспарлаған. Екінші мәміле 2027 жылға дейін жеткізу талаптарын көрсеткен.

Канадалық компания 2012 жылғы есептің деректері бойынша жобаға 40 млн канадалық доллар жұмсаған, бірақ оның сәті түспеді. Sotkamo-да 2012-2013 жылдары қалдыққоймасынан (гипс тоғаны) кемінде төрт жылыстау орын алған, қалдықтары жақын маңайдағы көлдерге түсіп, орташа мен төменгі су қабаттарында уран мөлшері ауыз суға арналған нормативтерден алты есе асып кеткен. Апат жанжал шығарып, ол Talvivaara-ның банкроттығына әкеп соқтырған. Оның негізін қаулаушысы мен директоры Пекку Перюге жарты миллион еуро айыппұл салынып, уран жобасы жабылды, Cameco 2013 жылғы жылдық есебінде Talvivaara тарапынан 70 млн канадалық долларды шығынға шығарғаны туралы хабарлады.

Terrafame Talvivaara-ның мұрагері болды. 2017 жылғы қазанда ол STUK, фин реттегішіне уранды өндіруге арналған рұқсатты алу үшін өтініш беріп, 2020 жылғы ақпан айында рұқсатты алған. Өндіруді қалпына келтіру үшін 20 млн еуро қажет болады. Жобалық қуатқа шыққаннан кейін компания уран арқылы жылына 25 млн жуық еуро табуды жоспарлап отыр.

Жобаның негізгі қиындығы – уранның мөлшері төмен болатын қалдықтарда уран концентратын үнемі қалатын мырыш пен никельден тазарту қажеттілігі. Финляндияның Геологиялық қызметінің деректері бойынша Sotkamo-ның қара тақтастарында уран мөлшері 0,001-0,004% уранды құрайды. Салыстыру үшін, Инкай кендерінде уран мөлшері – 0,04%, яғни, айтарлықтай артық болады.

Сөйтіп, Terrafame бизнес-жобасы жергілікті мәні бар. Компания «жақын арада Terrafame-нің болжалды айналымынан бірнеше пайыз» ақша табуы мүмкін, – деп хабарлайды Terrafame , . Жаңа өндіріс фин АЭС үшін уран жеткізу құрылымын шамалы өзгертуі мүмкін. Бірақ бұл жоба еуропалық нарықтың өзін уранмен қамтамасыз етуіне әсер етпейді, ал өзін «Еуропадағы уранның ірі өндірушісі» деп компания өңірде уран өндірісі болмаған аясында ғана атауы мүмкін.

Американдық уран жасанды қоректендіруде

АҚШ уран саласы бірнеше жыл бойы мүшкіл күйінде болып келеді. «2021 жылы АҚШ уран кеніштерінде 21 000 фунт уранның шала тотығы-тотығы (U3O8 немесе уран концентраты) өндірілген. 2020 жылғы өндіру деректері жарияланбаған, ал 2021 жылы өндіру көлемдері 2019 жылмен салыстырғанда 88% төмендеді», – деп АҚШ энергетикалық ақпарат басқармасымен (бұдан әрі EIA) жарияланған Уранның ішкі өндірісі туралы 2021 жылғы есепте айтылған. 2022 жылың тоғыз айында Штаттарда 19233 фунт U3O8 өндірілген. Бірақ, EIA-нда алдын ала қорытынды ретінде тек бірінші екі тоқсанды ғана санаған (төмендегі скриншотты қараңыз), сондықтан сомасы аз болған.

Соңғы деректер
АҚШ уран концентратын өндіру, т U3O8

Тоқсан/жыл 2022 ж. (болжам) 2021 ж. 2020 ж. 2019 ж.
1-тоқсан 9 946 жоқ 8 098 58 481
2-тоқсан 6 042 жоқ жоқ 44 569
3-тоқсан 3 245 5 297 жоқ 32 211
4-тоқсан 9 978 жоқ 38 614
Күнтізбелік жыл, барлығы 15 988 20 633 жоқ 173 875

Дереккөз: АҚШ Энергетикалық ақпарат басқармасы
Уранның ішкі өндірісі туралы тоқсандық есеп

АҚШ уранды 2022 жылғы 9 ай ішінде үш кеніш өндірген: Nichols Ranch ISR Project (101 фунт), Ross CPP (367 фунт) және Smith Ranch-Highland Operation (2777 фунт). Тек соңғысы уранды өнеркәсіп көлемдерімен өндіргені анық.

2022 жылғы шілденің аяғында АҚШ Энергетика министрлігінің құрылымы, Ұлттық ядролық қауіпсіздігі басқармасы 1 млн дейін фунт сатып алу туралы хабарламаны орналастырды. Конгресс 1 млн фунт шала тотықты-тотықты резервке сатып алу үшін 75 млн долларды 2020 жылы бөлген болатын.

Дара мәміленің көлемі – 100 бастап 500 мың фунтқа дейін. Жеткізуші ретінде уран өндірушісі болуы тиіс, уранның өзі 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап кез келген уақытта өндірілуі тиіс. Қызық болатын жері: сатып алу талаптары бойынша, барлық ұсынылған уран Иллинойс қаласында Honeywell Metropolis Works уранды конверсиялау зауытында сақталуда болатын қорлардан алынуы тиіс.

Нәтижесінде бес компания таңдап алынды: Energy Fuels Inc., Strata Energy Inc. (Peninsula Energy Limited еншілес компаниясы), enCore Energy, Ur Energy және Uranium Energy Corp. Сатып алу бағасы бір фунт үшін сәл кемдеу 60 бастап 70 доллардан шамалы артық болып өзгеріп тұрған. 2021 жылы, Уран нарығы туралы жыл сайынғы есептің деректері бойынша бір фунт шала тотық-тотық үшін өлшенген орташа құны 33,91 долларды құрайтын болған. 2022 жылы споттық та, ұзақ мерзімді бағасы да бір фунт үшін 50 долларға жуық болған.

1 млн фунт шала тотық-тотық – бұл 385 жуық тонна уран. Салыстыру үшін, WNA деректері бойынша, американдық АЭС жылына 17587 тонна уран қажет. Уран нарығы туралы 2021 жылғы жыл сайынғы есептің деректері бойынша «АҚШ азаматтық тағайындалуындағы энергетикалық ядролық реакторлардың иелері мен операторлары 2021 жылы американдық және шетел жеткізушілерден уранды баламалы түрінде 46,7 млн фунт U3O8сатып алды». 46,7 млн фунт – 17963 тоннаға жуық. Осылайша, 1 млн фунт мемлекеттік сатып алу – бұл резерв емес, себебі ол АҚШ реакторларының сәл 2% артық жылдық қажеттілігін ғана қамтамасыз етеді. Нағыз стратегиялық қорларды сатып алушылар өздері жасайды: «2021 жылдың аяғына қарай АҚШ уранның жиынтық коммерциялық қорлары 141,7 млн фунт U3O8 жасаған, бұл 2020 жылдың аяғындағы көлемдерден 8% артық (131 млн фунт)», – 2021 жылғы Уран нарығы туралы жыл сайынғы есептің ескертіп көрсеткені.

Сатып алу уран компанияларына да көп ақша әкелмейді. Бірақ, оларды әрқашанда «урандық» сатып алу деп атауға да болмайды. Мысалы, 2021 жылы Energy Fuel Inc. соңғы рет уранды 66 мың долларға 2019 жылы сатты, ал 2019-2021 жылдары негізгі кірісті «баламалы шикізатты қайта өңдеу және басқа іс-әрекет» үшін ғана алды. Компанияның 2021 жылғы ақшалай түсімі 3,18 млн долларды, 2020 (ковид) жылы – 1,66 млн долларды құрайды. Компания 2021 жылы активтерді сату есебінен, борыштарын өтеп аман қалды. Компанияның 2019-2021 жылдары тек қана әкімшілік шығындары жылына 14-15 млн жуық доллар құрады. Уранды мемлекеттік резервке сату арқылы компания 18,5 млн доллар ақша табуға үміттенеді.

Цифрларды салыстырып, компанияның хал-ахуалын жасауға қиындық болмайды. Экспорттау тәуелділігі ешқайда кетпейтінін де түсінуге қиын емес. «2021 жылы жеткізілген уран, көбісінде, шетелден келген болатын, бұл арада негізгі жеткізу көлемі Қазақстанның үлесі болатын (жалпы көлемнен 35%). Канадада өндірілген шикізат екінші орын алған (жалпы жеткізу көлемінен 14,8%), үшінші орында – Аустралия (жалпы көлемнен 14,4%)», – деп 2021 жылғы Уран нарығы туралы жыл сайынғы есепте көрсетілген. Осы тізбеде Ресей 2021 жылы 13,5% үлесімен төртінші орында болатын. Сатып алушылар үшін Ресейлік бағалар ең пайдалы, американдық өндірушілердің бағаларымен салыстырғанда тіпті екі есе төмен және жалпы нарық бойынша алғанда бір жарым есе төмен болып келеді.

Жаңа британдық отынды іздеу барысында

Британдық үкімет «Ұлыбританияда отынды өндірудің жаңа тиімді қуаттылықтарына инвестицияларды арттыру және Ресейден әкелінетін ядролық және азаматтық тағайындаудағы ілеспе өнімнен тәуелділікті азайту» үшін Ядролық отынның қорын жасайды деп анық түрінде мәлімдеді.

Бірақ мәтіндерді қарапайым салыстыру «Ресейден тәуелділікті азайту» туралы тақырыптан артық сөз болмағанын көрсетеді. Осыған қоса, [қор құралдарын] Пайдалану нұсқаулығында керісінше – британдық реакторлар жұмыс істеу үшін қажет болғанның барлығымен қамтамасыз етілгені анық түрінде айтылғаны: «Ұлыбританияның пайдаланылатын да, пайдаланудан шығарылған да, тіпті барлық реакторлары британдық қуаттылықтарымен өндірілген және байытылған ураннан шығарылған отынмен жұмыс істеген. Бұл ядролық отынды әзірлеу бойынша өз құзыреттерінің, сондай-ақ біліктілігі жоғары кадрларға сүйенген, жақсылап қаржыландырылған коммерциялық ауқымдағы байыту мен өндіру қуаттылықтарының болуын қамтамасыз етті».

Ұлыбритания 2050 жылға қарай 24 ГВт – жаңа реакторларды құрғысы келеді және оларға жаңа отын керек. Пайдалану нұсқаулығында қаржыландыруды негіздеу үшін келесідей айтылған: «Демек, қазіргі уақытқа дейін реакторлардың отандық қоры негізінен бір дизайндағы реакторларды (Magnox және AGR түріндегі газбен суытылатын реакторлар) қамтитын болғандықтан, болашақта Ұлыбританияның реакторлар қорына алуан түрлі дизайндағы реакторлар, соның ішінде гигаватты реакторлар, шағын модульді реакторлар мен жетілдірілген модульді реакторлар кіретін болады, олардың көбісі жаңа және түрлендірілген отын түрлерін қажет етеді. Сондықтан, Ұлыбританияның отандық өндірісі болашақта бір қатар отынның алуан түрлеріне сұранысты қанағат ететіні айтарлықтай ықтимал». Пайдалану нұсқаулығында «Ресей» деген сөзі тіпті кездеспейді.

Ядролық отын қорының инвестициялары 75 млн дейін ф. ст. құрайтын болады. Шынында, 13 млн дейін ф. ст. Springfields, ядролық отынды өндіру кәсіпорнының конверсиялық қуаттылықтарының дамуына жұмсалған. Тағы 50 млн ф. ст. жаңа жобаларға бөлінетін болады. Тағы 12 млн ф. ст. қайда жұмсалатыны түсініксіз.

Түйіндеу: әлемдегі табиғи уран нарығының іргелі қасиеті өндіру орталықтары тұтыну орталықтарымен сәйкес келмейтіндігін көрсетеді. 2022 жылы саяси логиканы белгілеген геосаяси ығысу арқылы жеткізілім тізбектерінің сақталуына қауіп туындады. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, отын нарығында үзілген және бизнеске әсер еткен осындай бір ғана тізбек бар. Батыс медиа кеңістігінде өзін-өзі толықтай қамтамасыз ету ойлары елестейді, бірақ қазіргі таңда және кемінде бес жыл уақытта АҚШ-ның да, Еуропаның да ядролық отынмен өзін-өзі толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндігі болмайды.