Ресей атомы бар әлемнің 57 елі
Жаңалықтар жіберіліміне жазылу
Жазылу
#275Наурыз 2024

Ресей атомы бар әлемнің 57 елі

мазмұнға оралу

Ақпан айының соңында Росатомның бас директоры Алексей Лихачев Мемлекеттік Думада (Ресей парламентінің төменгі палатасы) сөз сөйлеп, Росатомдағы қазіргі жағдай, қойылған мақсаттар мен талқыланатын жобалар туралы айтты.

Жаңа ресейлік блоктар

Ресейде қазір 36 АЭС жұмыс істейді, оның ішінде әлемдегі жалғыз жүзбелі атом жылу электр станциясы бар.  Ресейде Атом генерациясының үлесі орташа есеппен 20% құрайды, жекелеген аймақтарда 40%-дан асады. Сондай-ақ Росатом жел генерациясын дамытуда және 9 жел паркін салды. Росатом АЭС және ЖЭС жылына шамамен 110 миллион тоннаға жуық СО2 шығарындыларын болдырмайды.

2045 жылға қарай Ресейдің энергия балансындағы атом энергетикасының үлесі 25%-ға дейін өсуі керек. Ол үшін жалпы көлемі 33,5 ГВт болатын қуаттылығы үлкен, орташа және шағын 42 энергия блогын салу қажет. «Біз Оралда атом генерациясын арттырып, Сібір мен Қиыр Шығысқа баруды жоспарлап отырмыз — онда тұтынудың ең көп артуы болжануда. Бізде АЭС бар жеті жаңа аймағы болады», – деп хабарлады Алексей Лихачев. Атап айтқанда, Забайкальск өлкесінің оңтүстігінде және Амур облысының Тынды муниципалды округінде атом электр станциясының құрылысы талқылануда.

Келесі ұрпақ

Алексей Лихачев қауіпсіздіктің IV буынындағы атом энергетикалық технологияларын дамытуға жеке тоқталды: «Біз – әлемде төртінші буынның ядролық технологиясын іс жүзінде жасайтын жалғыз елміз. Жобалық ядролық апат белсенді аймақтың конструкциялық ерекшеліктеріне байланысты физикалық түрде мүмкін емесм».

Томск облысының Северск қаласында Росатом, естеріңізге сала кетейік, тәжірибелік-демонстрациялық энергетикалық кешен салуда. Оның бірінші компоненті – бірегей аралас нитридті уран-плутоний отынын өндіру және қайта өндіру модулі – биылғы жылы іске қосылады. Жылдам нейтрондағы қорғасын жылу тасымалдағышы бар реактор 2027 жылы алғашқы киловатт сағат шығарады.

Алексей Лихачев жаңа технология атом энергетикасының екі заманауи кемшілігін шешуді қамтамасыз ететінін атап өтті. Біріншіден, шикізат қоры әзірге қатталып жатқан уран-238 изотопының отын цикліне қатыстыру есебінен шектеусіз болып келеді. Екіншіден, ядролық отын циклінің тұйықталуының арқасында бүкіл әлем үшін қиындық тудыратын пайдаланылған ядролық отынды жинақтау проблемасы шешілуде. Мақсат – радиациялық эквиваленттілік деп аталады: көму үшін табиғатқа уран өндіру кезінде қанша «алынса» сонша радиоактивтілік қайтарылуы керек.

Келесі он жылдықта Росатом Ресейде жаңа технология бойынша үлкен блоктар мен тұтас энергетикалық кешендер сала бастайды. Сондай-ақ, бұл технология шетелдік серіктестерге ұсынылады. «Біздің бағалауымыз бойынша, бұл салада біз бәсекелестерден кемінде 10 жыл алда тұрмыз. Бірақ олар да бір орында тұрмайды, сондықтан біз инновациялық жобаларда одан да тез қозғалуымыз керек», – деп қорытындылады Росатом басшысы.

Росатомның шетелдік қызметі

Ресейлік ядролық технологиялардың артықшылықтары Росатомға шетелдік нарықтарда ауқымды жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік корпорация ядролық отын циклінің барлық қайта бөліністерінде жетекші орын алады, жеті елде 22 энергоблок – атом электр станцияларын салады. Соңғы 8 жылда Росатом шетелде 8 энергия блогын салды. Тапсырыс портфелі – 11 елдегі 33 энергоблок.

Беларусь және Ресей энергетика министрліктері жаңа атом қуаттарын салуға байланысты Беларусь Президенті Александр Лукашенконың тапсырмасын пысықтауда. «Островецте үшінші блокты салу мүмкіндігі бар (онда Беларуссиядағы алғашқы атом электр станциясы орналасқан  ред ескерту.), Беларуссияның оңтүстігінде екі блокты атом электр станциясын салу мүмкіндігі бар. Біз екі нұсқаға да дайынбыз», – деді Алексей Лихачев.

Түркияда жаңа атом электр станциясы пысықталуда: «Президент Режеп Тайип Ердоған бізге тағы бір алаң беру туралы саяси шешім қабылданғанын жариялап ашық айтты. Бұл «Синоп» деп аталатын алаң болуы мүмкін. Біз қазір егжейтегжейлі зерттеп жатырмыз», – деді Росатомның бас директоры.

Халықаралық ынтымақтастықтың маңызды бағыты – жаңа ядролық және ядролық емес жоғары технологиялық өнім. Бұл жердегі және мобильді нұсқалардағы шағын және орта қуатты атом электр станциялары, ядролық ғылым және технологиялар орталықтары, медициналық жабдықтар және көпфункционалды сәулелену орталықтары. Әлемде өндірілген изотоптардың 70%-дан астамын Росатом әлемнің 50-ден астам еліне жеткізеді.

«Біздің дәрігерлеріміздің соңғы өнертабысы, бірегей препарат, таңбаланған рений – «Гепаторенмен» мақтанбасқа болмайды, ол тіпті ең кәрі пациенттердің бауыр ісігінің дамуын тоқтатуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Мемлекеттік корпорация басшысы.

Өткен жылы Росатом шетелдік нарықтардағы жұмыстан түскен табыстың рекордтық көлемін – $16,4 млрд алды. Оның $12 млрд-тан астамы достық елдердің нарықтарынан алынды. «Біздің көшбасшылығымыз неге негізделген? Біріншіден, бұл – біздің елімізде міндетті референциялары бар ең жақсы технологиялар. Екіншіден, біздің ұсынысымыз жан-жақты. Бұл тек атом станциясы емес. Біз тұтас салаларды – ғылым мен нормативтік базамен, өндірісті оқшаулаумен қатар және кадрларды даярлаудың толық циклімен құрамыз. Біз достық елдердегі серіктестерімізге құрмет пен теңдік негізінде әрекет ете отырып, технологиялық егемендік жасаймыз. Бұл ретте өз позицияларымыз үшін және достық емес нарықтарда күресуді жалғастырамыз», – деді Алексей Лихачев.

Жалпы алғанда, Росатом объектілер салады, өз өнімдерін жеткізеді және әлемнің 57 елінде бар.