Сандық шешімдер энергиясы
мазмұнға оралуҚазіргі атом саласы терең цифрландыру мен автоматтандырусыз мүмкін емес. «Росатом» өзінің ресейлік және шетелдік серіктестеріне өндірісті цифрлық трансформациялау және роботтандыру үшін кешенді шешімдерді ұсынады, сондай-ақ деректерді өңдеу орталықтарын (ДӨО) салады. Қазақстанда осы озық технологиялардың барлығы елдегі алғашқы атом станциясының құрылысына байланысты ерекше өзектілікке ие болуда.
Атом электр станциясында технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі (ТП АБЖ) атом электр станциясының технологиялық жабдықтары мен қауіпсіздігін бақылауға, тіркеуге және басқаруға көмектеседі. Жүйе басқарудың 3 деңгейінен және 20 дан астам ішкі жүйелерден тұрады:
- жоғарғы деңгей — жабдықтың жай-күйі туралы деректер негізінде объектіні жедел-диспетчерлік басқару;
- орташа – өнеркәсіптік логикалық контроллерлер, бүкіл автоматтандырылған жүйенің миы;
- төменгі – технологиялық жабдықты басқаратын қадағалар мен сенсорлар.
ТП АБЖ жүйелері мен ішкі жүйелері атом электр станциясының сенімді және қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, ақпаратты дербес жинайды, барлық ықтимал параметрлерді тіркейді, өзіне-өзі терең ішкі диагностика жасайды. III+ буынды реакторлары бар заманауи атом станциялары осындай жүйелердің дамыған, сенімді, функционалды толыққанды және ақпараттық архитектураларына ие.
Жүйе кез-келген, тіпті ең болмашы ауытқуларға жауап береді – операторлар барлық қажетті ақпаратты бірден алады. Қажет болса, ТП АБЖ алгоритмдері кейбір АЭС жүйелерін дербес өшіре алады.
АЭС қауіпсіздігі үшін кез келген маңызды жүйе қайталанады. Егер оның функциясы тоқтап қалса оны басқа жүйе немесе құрылғы өзіне алады. Тіпті бірнеше арналар өшірілген кезде, жүйе бәрібір жұмыс істейді, АЭС қауіпсіздігін сенімді түрде қамтамасыз етеді. Осыған орай қате ықтималдығын одан әрі азайту үшін әртүрлі арналарда әртүрлі аппаратура мен бағдарламалық жасақтама пайдаланылады.

Сандық экожүйе
«Росатом» қызметінің тағы бір бағыты — бұйымның өмірлік циклін басқару (PLM) және күрделі өнеркәсіптік нысандарды жобалау (CAE) шешімдері. Осы технологиялардың негізінде мемлекеттік корпорация тұтас цифрлық экожүйені құрады.
«Саланың жетекші мамандарын біріктіре отырып, біз PLM-жүйелерін, CAE-құралдарын және BIM-технологияларды (ғимараттың цифрлық моделі (Ред. ескертуі) қоса алғанда, атом саласында импортты алмастыратын шешімдердің толық кешенін қалыптастырдық. Мұнымен тоқтап қалмаймыз — әртүрлі салалардағы шешімдерімізді тираждаймыз және шетелдік серіктестерге дәлелденген шешімдерді ұсынамыз», — деп атап өтті «Росатом» басшысы Алексей Лихачев.
«Росатом» портфеліне жеті басым бағыт бойынша мемлекет, бизнес және өнеркәсіп үшін цифрлық өнімдер, шешімдер мен қызметтер кіреді:
- «Математикалық модельдеу және ҒЗТКЖ»,
- «Кәсіпорын және өндірісті басқару»,
- «Цифрлық инфрақұрылым»,
- «Ірі инженерлік объектілердің құрылысын басқару»,
- «Ақпараттық және физикалық қауіпсіздік»,
- «Қалалық сервистер мен процестерді цифрландыру»,
- «Жүйелік интеграция және бағдарламалық жасақтама әзірлеу».
«Росатом» ИТ-шешімдерінің тапсырыс берушілері – жетекші өнеркәсіптік, энергетикалық және мұнай-газ компаниялары. «Сарус» бұйымдарының толық өмірлік циклі жүйесі шетелдік серіктестердің үлкен қызығушылығын тудырады. «Росатом» кәсіпорындарында «Атом.РИТА» – роботталған интеллектуалды технологиялық ассистент сәтті жұмыс істейді.
Сандық инфрақұрылымға арналған өнімдер қатарына «Атом.Көпір» – ақпараттық жүйелерді бір кеңістікке біріктіруге, сондай-ақ «Атом.Іздеу» және «Атом.Око» жасанды интеллект саласындағы әзірлемелерге арналған платформа – құжаттарды іздеу, тану, талдау және өңдеу шешімдері.
Жеке бағыт – «Росатомның «ақылды қаласы»: муниципалитеттер тұрғындарының, әкімшіліктер, мердігерлер, коммуналдық қызметтер, аймақтық ведомстволар және басқа да мүдделі тараптардың өзара әрекеттесуін жеңілдететін қала ортасын цифрландыруға арналған бағдарламалық-аппараттық платформа. Платформа Ресей аймақтарында сәтті енгізілуде.
Цифрландыру «Росатом» жұмысының барлық негізгі бағыттарына әсер етеді. Сонымен, сандық телқосақтар — құрылғының немесе процестің виртуалды көшірмесі — атом станцияларын жобалау мен инжинирингінен бастап жаңа материалдарды, соның ішінде ядролық отын мен композиттердің жаңа түрлерін жасауға дейін әртүрлі салаларда қолданылады. Телқосақтар тиімділікті арттыруға және өнімді жасау уақытын үнемдеуге, физикалық сынақтардың санын азайтуға және соңында өнімнің құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
Атом электр станциясымен байланысты ДӨО
Бүгінгі таңда «Росатом» – ресейлік деректерді өңдеу орталықтары нарығының негізгі ойыншыларының бірі. Шамамен он жыл бұрын мемлекеттік корпорация бүгінде жаһандық трендке айналатын шешімді ұсынды: атом электр станциялары мен ақпарат орталықтарының симбиозы. 2018 жылы ол Калинин атом электр станциясының жанында Калинин ДӨО іске қосты. Атом электр станциясы тұрақты тариф бойынша ДӨО тұрақты энергиямен қамтамасыз етеді, бұл ДӨО-ға бәсекелестік артықшылықтар береді.

Қазір «Росатомның» иелігінде – жалпы қуаты 93 МВт-тан асатын және 6,5 мыңнан астам тұрақты орын бар бес жоғары технологиялық ақпарат орталығы бар. Жақын арада компания Нововоронеж, Балаков және Смоленск атом электр станцияларында модульдік ақпарат орталықтарын орналастыруды жоспарлап отыр.
Росатомның серіктестеріне арналған кешенді ұсынысы мүмкіндіктердің тұтас спектрін қамтиды:
- ДӨО салу және оларды электр энергиясымен қамтамасыз ету – ДӨО үшін алаңдарды бірден атом электр станциясы жобасына қоюға болады;
- колокейшн — клиенттер үшін өздерінің серверлік және желілік жабдықтарын ДӨО-ға орналастыру мүмкіндігі;
- бұлтты қызметтер – есептеу қуатын жалдау және тапсырыс бойынша ақпараттар орталықтарын салу.
Осылайша, «Росатом» технологиялық трендтер фарватерінде: барлық негізгі цифрлық бағыттарды дәйекті түрде дамытады, оларды өздеріне сәтті енгізеді және ресейлік және шетелдік нарыққа ең жақсы шешімдерді ұсынады.

