Көпмақсатты Жылдам Зерттеу Реакторы (КЖЗР): жеңіл, жылдам, бірегей
Жаңалықтар жіберіліміне жазылу
Жазылу
#262Ақпан 2023

Көпмақсатты Жылдам Зерттеу Реакторы (КЖЗР): жеңіл, жылдам, бірегей

мазмұнға оралу

Біз өз оқырмандарымызды Росатом әзірлеп шығаратын және құрастыратын инновациялық реакторлық қондырғыларымен таныстыруды жалғастырамыз. Бұл шығарылымның кейіпкері – КЖЗР. 18 қаңтарда КЖЗР-ның құрылысын салу алаңында реактор корпусын жобалау күйіне орнату аяқталды.

КЖЗР дегеніміз не?

«КЖЗР» – «көпмақсатты жылдам зерттеу реакторы» деп шифрленеді. Оның жобалық қуаты 150 МВт. Зерттеу реакторлары үшін бұл өте жоғары көрсеткіш – іске қосылғаннан кейін ол әлемдегі ең қуатты реактор болады. КЖЗР «Атом реакторларының ғылыми-зерттеу институты» мемлекеттік ғылыми орталығының алаңында салынып жатыр (АРҒЗИ МҒО, бұдан әрі – АРҒЗИ, Росатом құрамына кіреді).

Жоспардан жылдамырақ

Құрылыс кестеден озық жүргізіліп келеді. 2022 жылдың желтоқсан айының соңында жедел құрылыс штабының отырысында бас мердігер «Органергострой» институты өндірістік бағдарламаны 130%-ға орындағаны атап өтілді. Өткен жылы реактордың шахтасын бетондау және дренаждық сорғы станциясының құрылысын салу бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілді. Турбоагрегат іргетасының құрылысы аяқталды, градирняның құрылысын салу жүргізілді. 2023 жылдың қаңтарында градирняның жоғарғы қабатын монтаждау аяқталды, оның биіктігі жобалық 52 м-ге жетті. Содан кейін қаңқасын қаптау басталады.

2022 жылдың қаңтарында реактор корпусын бақылау құрастыру өткізілді, сәуірде оны алаңға әкелді. Желтоқсан айында, жоспардан сегіз ай бұрын, корпус тік күйіне ашылып, стапельге орнатылды. Сақтандыру қаптамасына тензехабарлаушы және терможұп монтаждалып, жылу оқшаулағыш орнатылды. ​Содан кейін реактордың корпусы шахтаға жөнелтілді.

Корпустың ерекшеліктері

КЖЗР реакторының корпусы ерекше – оның қалыңдығы 25-50 мм, ССЭР қарағанда 6 – 12 рет. Реактордың ұзындығы 12 м, максималды диаметрі – 4 м, салмағы 83 тоннадан асады. Барлық параметрлерді мүмкіндігінше дәл сақтау үшін, реакторың корпусын жасаған Атоммашта (Росатомның машина жасау дивизионы кәсіпорны) өздері жасап шығарған арнайы құрылғылар қолданылды.

Осы жылдың қаңтарында реакторға сегіз тонналық қорғаныс қақпағы орнатылды. Ол корпус ішіндегі құрылғыларды монтаждауға дейін, консервациялау үшін қажет. Монтаждау келесі жылға жоспарланған, бірақ құрылысшылар жұмысты кестеден бұрын бастаймыз деп үміттенеді.

«Реактордың корпусын жобалық күйге орнату – үлкен ниеттер командасы: ғалымдар, инженерлер, конструкторлар мен құрылысшылар жұмысының маңызды нәтижесі. Бұл құрылыстың аяқталуын едәуір жақындатуға мүмкіндік беретін КЖЗР реакторы құрылысының бүкіл жобасының маңызды кезеңі. Бұл, біздің ел ғана емес, сонымен қатар әлемдік атом өнеркәсібі де жақын арада озық және технологиялық тұрғыдан жетілдірілген зерттеу инфрақұрылымын алады дегенді білдіреді», деп Росатом Бас директорының ғылым және стратегия жөніндегі орынбасары Юрий Оленин мәлімдеді.

КЖЗР-дың әлем ғылымындағы мәні

КЖЗР БОР-60 – «қуаты 60 МВт жылдам тәжірибелі реактордың» орнын басады. Бұл 1969 жылы іске қосылған көп мақсатты ғылыми-зерттеу реакторы. Бірақ оның ресурсы аяқталып жатыр, сондықтан оны ауыстыру қажет. II Жас ғалымдар Конгресінде АРҒЗИ директоры Александр Тузов атап өткендей, КЖЗР-да реакторлық және реактордан кейінгі материалтану зерттеулері және радиоизотоптар мен модификацияланған материалдарды өндірудің жаңа технологияларын пысықтау жалғастырылады. Сонымен қатар, реактор электр қуаты мен жылу өндіретін болады.

Юрий Олениннің айтуынша, КЖЗР-да екі компонентті атом энергетикасы технологияларын және отын циклінің тұйықталуын зерттеу кең түрде жүргізілетін болады. Осы жерде төртінші буынның қауіпсіз ядролық энергетикалық қондырғыларын құру негізделіп, серпілісті іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізілетін болады. «Росатомның КЖЗР зерттеу реакторы және ресейлік мегасайенс-жобасы — ​ Курчатов институтының ПИК реакторы – бір-бірін толықтыратын реакторы болып табылады және нейтрондар энергиясы бөлігінде де, ықтимал зерттеу нысандары бөлігінде де нейтрондық зерттеулердің барлық ықтимал спектрін қамтамасыз етеді», – деп атап өтті Юрий Оленин.

КЖЗР базасында халықаралық зерттеу орталығы (КЖЗР ХЗО) — жылдам реакторлар бойынша құзыреттіктер орталығы құрылады. «Ең қуатты және технологиялық тұрғыдан жетілдірілген зерттеу реакторы қондырғысын құру ғылыми жетістіктерді ынталандырады және еліміздің технологиялық көшбасшылығының маңызды элементі болады. КЖЗР ХЗО – халықаралық «нейтрондық ландшафтты» қалыптастыру бойынша ғылыми ынтымақтастық платформасы шеңберінде, біз болашақтың ядролық энергетикасы саласындағы ұлттық бағдарламаларды дамыту мүмкіндіктерін ұсынамыз», деп, Росатомның Халықаралық ғылыми-техникалық жобаларының директоры және «КЖЗР ХЗО» консорциумының көшбасшысы» компаниясының бас директоры Василий Константинов атап көрсетті.

Ол, II Жас ғалымдар конгресінде 13 халықаралық ұйымдардың өкілдері Халықаралық эксперименттік зерттеулер бағдарламасын құру аясында жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Бағдарламалардың өзі келесі онжылдықта бастауын табады.