Ресей радиофармасын арттыру
Жаңалықтар жіберіліміне жазылу
Жазылу
#264Сәуір 2023

Ресей радиофармасын арттыру

мазмұнға оралу

Осы жылдың наурыз айында Боливияда Росатом салған радиофармацевтикалық препараттарды өндіру кешені Боливия клиникаларына фтордезоксиглюкозаны жеткізе бастады. ОАР-да Росатом қызметкерлері Ресейде онкологиялық ауруларды емдеп жатқан актиния-225 туралы әңгімелеп өтті. Радиофармацевтикалық препараттардың әлемдік нарығындағы мемлекеттік корпорацияның жетістіктері туралы айтып өтейік.

Радиофармацевтикалық тәуелсіздік жолында

«Фтордезоксиглюкозаны «ғасыр молекуласы» деп атайды. Оны позитронды-эмиссиялық томография әдісімен ағза мүшелері мен тіндерін зерттеу үшін қолданады, ол көбінесе компьютерлік немесе магниттік-резонанстық томографиямен үйлестіреді», – дейді «Русатом Оверсиз» президенті Евгений Пакерманов.

«Русатом Оверсиз» Боливияның Эль-Альто қаласында Ядролық зерттеулер мен технологиялар орталығын салуда. Оның бір бөлігі – циклотронды кешен болып табылады, онда радиоизотоптар (мысалы, фтор-18) түзіліп, радиофармацевтикалық препараттар (мысалы, фтордезоксиглюкоза) өндіріледі.

Фтородезоксиглюкоза – көктамыр ішіне енгізілетін стерильді мөлдір ерітінді. Оның қызметі – фтор-18 радиоизотопымен белгіленген табиғи глюкоза молекуласының баламасын зерттеу аймағына жеткізу. Ағзаға енгеннен кейін радиоизотоп, шам сияқты, глюкозаны сіңіру тым қарқынды жүріп жатқан түзілімдерді жарықтандырады. Бұл сау жасушалармен салыстырғанда зат алмасу барысы белсенді жүретін қатерлі ісік жасушалардың қасиеті. Глюкозаның жинақталуының жеткіліксіздігі маркер ретінде де қызмет етеді – мысалы, инфаркттан кейінгі тыртық өзгерістері.

Науқас томографта болған кезде радиолог дәрігер өз компьютерінде жарқын, күңгірт және қалыпты аймақтарды көреді. Бұл әдіс диаметрі небәрі 4-5 мм болатын патологиялық ошақтарды көруге мүмкіндік береді. Мұндай дәлдік пациенттерді сәтті алып жүру үшін өте маңызды болып табылады.

«Қазіргі таңда біздің ең заманауи инфрақұрылымы бар ядролық медицина орталығымыз ғана емес, сонымен қатар бүгінгі күнге дейін импорттауға мәжбүр болып келген қатерлі ісікті диагностикалау үшін радиофармацевтикалық препараттарды өз бетінше өндіру мүмкіндігіміз бар. Қазіргі уақытта Боливияда бізге осы радиофармацевтикалық препаратты көрші елдерге экспорттауға мүмкіндік беретіндей озық технологиялар бар. Бүгіннен бастап біз онкологиямен күресті одан да тиімді жүргізе аламыз!» – деп, жеткізілімнің басталуына арналған іс-шарада Боливия президенті Луис Альберто Арсе Катакора мәлімдеді.

ЯЗТО-да шығарылатын радиофармацевтикалық препараттардың желісі кеңейеді. «Біз тағы үш медициналық радиоизотоптардың негізінде радиофармацевтикалық препараттардың өндірістік желісін шығарып, оларды өнеркәсіптік деңгейде шығару мүмкіндігін растадық.  Көміртек-11 бас миы ісіктерін, технеций-99m – бауыр мен бас миы ісіктерін, йод – 123 – қалқанша безін диагностикалау үшін қолданылады. Бастамасы бар, келесі радиофармацевтикалық препараттың қандай болатынын байқап көрейік – бұл тапсырыс берушінің шешімі», – деп түсіндірді Евгений Пакерманов.

ЯЗТО жылына 5000-ден астам зерттеу жүргізу үшін радиофармацевтикалық препараттар шығаруды қамтамасыз етеді. Болашақта Боливияның барлық үш ядролық медициналық орталығы жергілікті радиофармацевтикалық препараттармен толық қамтамасыз етілетін болады.

ЯЗТО-ның тағы бір нысаны – көп мақсатты оқыту орталығы (КМОО) тәжірибелік пайдалану режимінде жұмыс істейді. Мұнда әртүрлі өнімдердің пилоттық топтамалары өңделеді. Өнімділігі  – тәулігіне 70 тонна. «КМОО тапсырыс берушіге табыстауға дайындық сатысында, оны жақын арада пайдалануға беру жоспарда бар. Орталықта қандай өнімдер мен тауарларды өңдеуге болатындығы туралы шешімді, әрине, тапсырыс беруші қабылдайды», – деп мәлімдеді Евгений Пакерманов. Әлемдік тәжірибеде бұл дәнді дақылдар, көкөністер, жемістер, косметика және медициналық өнімдер болып табылады.

ЯЗТО-да үшінші және төртінші кезектер салынып жатыр. Бұл радиобиология және радиоэкология зертханалары және жылу қуаттылығы 200 кВт бассейн типті су-сулы зерттеу реакторы бар реакторлық кешен. Бұл нысандар 2025 жылы тапсырылады деп жоспарлануда.

Танысып қойыңыздар – актиний-225

Росатом өзі шығаратын радиофармацевтикалық препараттар желісін кеңейтіп келеді, және ең қызығушылық туғызатындарының бірі, ол – актиний-225 негізінде. Ол қатерлі ісіктің операцияға жасауға келмейтін метастаздық түрлерін, ең алдымен қуықасты безінің қатерлі ісігін емдеу үшін қолданылады.

2023 жылдың ақпан айының аяғы мен наурыз айының басында «В/О Изотоп» (Росатом изотоптарын жеткізушісі) және Физикалық-энергетикалық институтының (РФ ФЭИ МҰО, Росатомдағы медициналық изотоптарды өндірушілердің бірі) мамандары постерлік презентациялар жасады. Кейптаундағы (ОАР) 12-ші Халықаралық Мақсатты таргетті альфа-терапия жөніндегі симпозиумға қатысушылар актиний-225 негізіндегі препараттарды клиникалық сынақтан өткізу беталыстары туралы және өндірісті оңтайландыру туралы білді, соның арқасында РФ ФЭИ МҰО изотоп өндірісінің көлемін едәуір арттыра алды.

«Бүгінгі таңда бұл альфа-эмиттерлер ішіндегі нағыз жеңімпаз. Мемлекеттік корпорация – әлемдегі негізгі үш актиний-225 жеткізушілерінің бірінің өндірісті кеңейту жоспарлары бар. Біз үшін өз сөзімізде мұны атап өту, актиний-225 өндірісі мен жеткізудегі жетістіктерімізбен бөлісу, сондай-ақ оны Ресейде және әлем бойынша тұтынылуын дамытуға үлес қосу маңызды болды», – деп, «В/О «Изотоп» маркетинг бөлімінің басшысы Ольга Вальздорф мәлімдеді.

Оның айтуы бойынша, әлемде көптеген медициналық мекемелер актиний-225-ті жекелеген аурулар тобын емдеу үшін ғана пайдаланады, бірақ оны қолдану мүмкіндіктері туралы толық түсінігі жоқ. Росатом бұл мәселені кешенді түрде зерттеп,  әлемдік тәжірибені жүйелі түрде бақылап отырады. Бұл сатылымдарды дұрыс құруға және актиний-225-тің әлеуетті сатып алушыларына РФП-ты тағы қандай бағыттарында олардың даму мүмкіндігі бар екендігін ойға салуға көмектеседі. Ольга Вальздорф «Қолдану бағыттары, клиникалық зерттеулерді жүргізу неғұрлым көп болса, актиний-225-ке деген тұрақты сұраныстың кепілдігі соғұрлым жоғары болатындығына» сенімді.

Актиний-225 өндірісіне Terra Power, Cardinal Health, Northstar сияқты бірнеше американдық компаниялар инвестиция құйып келеді. Ал бұрын соңды тек ғалымдарды ғана қызықтырған симпозиумға Bayer, Сurium, Cardinal Health, Siemens сияқты және басқа да ірі коммерциялық компаниялардың өкілдері келді. Ольга Вальдорф «Бұл парадоксты болып көрінуі мүмкін, алайда бізге бәсекелестердің шамданушылығы тиімді, себебі өздерінің әрекеттерімен олар тұтыну ортасын өсіреді, изотопты танымал етеді және тіпті резервтік жеткізу үшін біздің актиний-225-ті сатып ала алады», – деп айтып өтті.