Лютеций-177 емдейді
Жаңалықтар жіберіліміне жазылу
Жазылу
#272Желтоқсан 2023

Лютеций-177 емдейді

мазмұнға оралу

Ядролық медицина әлеміндегі маңызды жаңалық – қуақ асты безінің қатерлі ісігі  бар алғашқы науқастар лютеций-177 қолдана отырып радионуклидтік терапиядан өтті. Барлығында оң динамика бар. Біз Росатом бизнесінің изотоптық бағытының осы және басқа жаңалықтары туралы әңгімелейтін боламыз.

Лютеций туралы

Терапия Ресей ФМБА Медициналық радиология және онкология Димитровград федералды ғылыми-клиникалық орталығында (РОФҒКО) жүргізілді. Нейроэндокриндік ісіктермен және қуық асты безінің қатерлі ісігімен күресуге арналған лютеций-177 негізіндегі дәрілік зат олар әзірлеген технология бойынша атом реакторлары ғылыми-зерттеу институтының (АРҒЗИ, Росатомның ғылыми дивизионына кіреді) мамандарының қатысуымен әзірленді. Дәрілік зат сапаны бақылаудың барлық кезеңдерінен өтті.

«Біз шикізат өндірушісі ретінде ресейлік медициналық мекемелердің барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ете аламыз және бізге келетін барлық тапсырыстарды уақытында, сапалы және толық көлемде орындай аламыз», — деді дәрілік затты ойлап тапқан авторлардың бірі, радионуклидтік дереккөздер мен дәрілік заттар бөлімінің бастығы Олег Андреев. Ресейде дәрілік зат төрт медициналық орталыққа жеткізіледі.

Ядролық медицина орталығының бастығы, РОФҒКО радиолог-дәрігері Петр Сычевтің айтуынша, емдеу шаралары сәтті өтті, емделушілердің ешқайсысында кері әсер байқалған жоқ.

Емдеу шарасы мынадай: алдымен дәрігерлер пациенттің қарсы көрсетілімдері жоқ екеніне көз жеткізеді, содан кейін дәрілік затты көктамыр ішіне енгізеді. Емдеу шарасы екі айда бір рет жасалады. «Біздің ем алушылар бірінші емдеу курсынан өтті және барлығында простатикалық спецификалық антиген ақуызының төмендеуі байқалады, өздерін жақсы сезінеді», — деп атап өтті Петр Сычев.

«Вестник Атомпрома» журналына берген сұхбатында «Изотоп» Б/Б» бас директоры Максим Кушнарев (Росатомның изотоптық өнімдерін жеткізуші компания) атап өткендей, медициналық лютеций-177 изотопы 2021 жылдан бастап Бразилияға жеткізіліп келеді.

Осы жылдың қыркүйегінде Ленинград АЭС лютеций-177 шығаруға лицензия алды. Осылайша, ол шығарылған изотоптар желісін кеңейтті, ЛАЭС-те йод-131, молибден-99 және кобальт-60 та өндіріледі.

Кобальт туралы

Қараша айының ортасында АЭС өнеркәсіптік сәулелену қондырғылары үшін гамма-сәулелену көздерін өндіруде қолданылатын кобальт-60 өндірісінің жылдық жоспарын орындады. Нәтижеге ЛАЭС Смоленск және Курск АЭС ынтымақтастығының арқасында қол жеткізді. «Келесі жылы кобальт-60 жеткізу бойынша одан да нәтижелі жоспарды орындау керек», – деді ЛАЭС директоры Владимир Перегуда. «Ресейлік АЭС энергетикалық ядролық реакторларында өндірілетін зарарсыздандыру кобальтының үлесі ағымдағы жылы кобальт-60 әлемдік нарығының шамамен 30% құрайды», – деп атап өтті бас директордың орынбасары, «Росэнергоатом» бизнес-даму жөніндегі директоры Никита Константинов.

Кобальт-60 жасанды түрде алынады: кобальт сіңіргіштерін реактор қондырғысына салып, 5 жыл бойы сәулелейді.

Халықаралық ынтымақтастық туралы

Биыл  «Изотоп» Б/Б» Беларусь клиникаларын технеций генераторларымен толық қамтамасыз ету тендерін жеңіп алды, оларды Армения мен Қазақстанға жеткізуді ұлғайтты, Қырғызстан мен Әзірбайжанға жеткізуді бастау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ, Росатом алыс шет елдерде болуын кеңейтеді. Шілде айында Мәскеуде БРИКС елдерінің халықаралық сараптамалық форумы өтті, онда көптеген қатысушылардың өздері келгендер және желіге де қосылғандар болды. Кейін тамыз айында Оңтүстік Африка форумында ядролық медицина бойынша БРИКС жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. «Ресей, соның ішінде Росатом, осы жұмыс тобында жетекші рөлдердің бірін атқарады деп сенеміз. Бұл біздің бағалауымыз ғана емес, ОАР өкілінің баяндамасында барлық қайта өңдеу тізбегі  бастапқы изотоптардан радиофармацевтикалық дәрілік заттарға дейінгі  БРИКС-те тек Росатомада ғана бар екендігі өте қуантады. Әлемде біз әрбір қайта өңдеу  бойынша құзыреттерді шоғырландыратын санаулы компаниялардың біріміз», – деп түсіндірді Максим Кушнарев.

Ресейлік германия-68/галлия-68 генераторлары Үндістан мен Қазақстанға жеткізіле бастады. Сондай-ақ, Үндістанға Молибденді жеткізу қайта басталды, логистикалық қиындықтарға байланысты жеткізу екі жылға тоқтаған болатын. Қытайға жеткізу тек медициналық емес, сонымен қатар өндірістік изотоптардың арқасында да өсуде. Бұл, мысалы, әуежайларда қолданылатын гелий-3 изотопы. Жыл қорытындысы бойынша Қытаймен айналым бір жарым-екі есе өседі деп болжануда.

Максим Кушнарев атап өткендей, еуропалық серіктестер жеткізуден бас тартқан жоқ және туындаған барлық қиындықтар біртіндеп шешілді. Келісімшарттық өндірісті құру талқылануда. Солтүстік Америкаға жеткізулер де жалғасуда.

Изотоптық сегменттегі Росатомды дамыту жобасы – бұл Обнинск қаласындағы GMP зауытының құрылысы, онда ең сұранысқа ие йод-131, самарий-153, молибден – 99 изотоптары негізінде және перспективалы лютеций-177, актиний-225, радий-223 және тағы басқалар негізінде радиофармпрепараттар мен белсенді субстанциялардың кең ауқымды спектрі шығарылатын болады.