Тексеруден өтті
Жаңалықтар жіберіліміне жазылу
Жазылу
#264Сәуір 2023

Тексеруден өтті

мазмұнға оралу

Қазақстанда елдің ядролық инфрақұрылымын бағалауды орындаған Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) миссиясы аяқталды. Сарапшылар бұл бағыттағы прогресті атап өтеді.

Ядролық инфрақұрылымды кешенді шолу миссиясы (INIR – Integrated Nuclear Infrastructure Review) – мүше мемлекеттерге көмек көрсетуге арналғған МАГАТЭ–нің тәуелсіз сараптамасы. Халықаралық сарапшылар тобы қауіпсіз, сенімді және тұрақты ядролық-энергетикалық бағдарламаны әзірлеу үшін инфрақұрылымның дайындығын бағалайды. Миссия ел үкіметінің өтініші бойынша жүзеге асырылып келеді. INIR қабылдағанға дейін ел МАГАТЭ әдіснамасы бойынша ядролық – энергетикалық инфрақұрылымға қатысты 19 мәселе бойынша өзіне баға беруі тиіс.

Алғаш рет мұндай миссия 2009 жылы орын алған. Сол уақыттан бастап 24 ел өздерінде INIR-ді қабылдады.

Астанада INIR миссиясы төрт күн өтті. Сарапшылар елдің 2016 жылы өкізілген INIR миссиясының кеңестері мен ұсыныстарын орындаудағы жетістіктерін бағалады. Сол кезде Қазақстанның ядролық инфрақұрылымын дамыту жай-күйіне шолу жүргізілді, елге оны жақсарту жөнінде бірқатар ұсыныстар берілді. Қазіргі уақытта INIR миссиясының командасы Қазақстан ядролық энергетикалық бағдарламаны үйлестіру, АЭС-ын қаржыландыруды, апатқа қарсы жоспарлау және радиоактивті қалдықтарды басқару түсінігі бойынша ұсыныстарды толығымен орындағанын мәлімдеді.

«Қазақстан 2016 жылы INIR миссиясымен жасалған кеңестер мен ұсыныстарды орындауда айтарлықтай жетістіктерге жетті. Осы күш-жігердің барлығы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ядролық энергетикалық бағдарламаны іске асыруды бастау туралы шешім қабылдауда одан әрі қолдау көрсетеді», – деді INIR миссиясы командасының басшысы, МАГАТЭ Ядролық инфрақұрылымды дамыту секциясының ядролық инженері Мехмет Джейхан.

Команда Қазақстанның кешенді есепті аяқтауға және атом энергетикасы инфрақұрылымын қаржыландыруды бағалауға байланысты жұмысты одан әрі жүргізуі тиіс екенін айтты. Елге реттеуші саланы дамыту, сондай-ақ атом өнеркәсібіне тарту саясатын пысықтау қажет.

«Қазақстан атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануды дамытудағы МАГАТЭ-нің рөлін жоғары бағалайды және біздің ядролық энергетикалық бағдарламамыздың қауіпсіздіктің ең жоғары стандарттарына және озық халықаралық тәжірибелерге сәйкес келуін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды. INIR миссиясы біз үшін Қазақстанның атом энергетикасын дамыту үшін қажетті инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз етуді және жақсартуды талап ететін салалар мен бағыттарды айқындайтын құнды құрал болып табылады», – деді Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов.

Қазір Қазақстан билігі еліміздегі алғашқы атом станциясын салу алаңдарын зерттеп жатыр. Өткен жылы Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Үлкен ауылының жанында орын қарастырылып жатқаны хабарланды.

Осы жылдың ақпан айының соңында Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын жобалау ұзақ мерзімге созылатынын хабарлады. «Алдын-ала орналастыру жері – Алматы облысы. Кейінгі жұмысқа қатысты: алдымен техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) дайындалады, оны қаратыру қорытындысы бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) әзірленетін болады. Қазір бұл мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ, орналастыру орны талқыланып жатыр және ТЭН әзірлеу әлі басталған жоқ», – деді ол.

Атом электр станциясын орналастыру жерін таңдау үшін биыл Жамбыл ауданында қоғамдық тыңдаулар өткізіледі. Олар алдымен 28 ақпанға жоспарланған болатын, бірақ содан кейін белгісіз уақытқа ауыстырылды. «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына және сайлау дайындығына байланысты қазіргі уақытта жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету мүмкін емес болып отыр», – делінген Жамбыл ауданы әкімшілігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазір Қазақстан әлемдік жетекші технологиялық жеткізушілерден: ресейлік Росатомнан, кореялық KHNP, қытайлық CNNC және француздық EDF-тен АЭС салу бойынша ұсыныстарды зерттеп жатыр.