Реакторлар жұптармен шығарылды
Жаңалықтар жіберіліміне жазылу
Жазылу
#265Мамыр 2023

Реакторлар жұптармен шығарылды

мазмұнға оралу

«Атоммаш» («Атомэнергомаш», Росатомның машина жасау дивизионына кіреді) сәуірдің соңында атомдық станциялар үшін негізгі жабдықтың екі жиынтығын тиеді. Жалпы есеппен бұл екі реактор және сегіз бу генераторы. Мұндай көлем бір өндірістік алаңнан әлемдік атом энергетикасының тарихында алғаш рет тиеледі.

Алдын ала дайындау

Әрине, мұндай қарқынды жұмыста «Атоммаш» зауытында алдын ала дайындала бастады. Тапсырма бірнеше аспектілерде қарастырылып, кешенді түрде орындалды: өндірістік қуаттылықтарды жаңғырту және техникалық қайта қаруландыру, өндірістік процестерді цифрландыру, бизнес-процестерді оңтайландыру, жұмысшыларды қайта оқыту және біліктілігін арттыру.

2018 жылдан бастап «Атоммаш» үшін дәнекерлеу жабдығының, металл кескіш білдектердің, сапаны бақылау операцияларын жүргізуге арналған жабдықтың ондаған бірліктері сатып алынды және жаңғыртылды. Мысалы, 2020 жылы зауытта салмағы дерлік 600 тонна және жұмыс жабынының ұзындығы 40 м СББ бар көлденең фрезер-жонғыш білдек іске қосылды. Білдек зауытын жаңарту бу генераторлары мен реакторлардың дайындамалары мен корпустарын механикалық өңдеуді тездетуге мүмкіндік берді.

2016 – 2022 жылдары «Атоммаш» зауытындағы жүмысшылар саны бір жарым еседен астам өсті. Оларды жұмысқа жалдаумен қатар, арнайы бағдарламалар бойынша оқытты. Өндірістік қуаттылықтарды жаңғырту бағдарламасымен байланыстырылған тәлімгерлік және оза оқыту қолданылды.

«Атоммаш» зауытында геометриялық параметрлерді бақылауға арналған бұйымдарды 3D-сканирлеу технологиялары және зауыттың ішіндегі тасымалдауды оңтайландыру үшін ақпараттық жүйе енгізілді. Бу генераторларын дайындау ағынында өндірістік бағдарлама бойынша есептеу және технологиялық-бақылау операцияларын нақты орындаумен салыстыру мүмкіндігімен имитациялық үлгілеу қолданылады. Цифрлық шешімдер мен технологиялар қызметкерлердің күйін бақылау үшін де қолданылады (қозғалу, негізгі денсаулық көрсеткіштері, ЖҚҚ қолдану және басқасы).

«Атоммаш» цифрлық үлгілеудің құралдарын қолданады: 90%-дан астам номенклатура жинамдылыққа тексеру мүмкіндігі бар 3D-үлгілерге ие. Өндірісті басқару «Директордың панелі» ақпараттық жүйесімен жүргізіледі (web-қолданба). Ол негізгі жабдықты жүктеу, шарттардың орындалуын бақылау, учаскелер бойынша айлық бағдарламаны орындау бойынша ақпаратты және басқа көрсеткіштерді қамтиды.

Тығыз жүктеу

Бір реакторлық қондырғы үшін жабдықты дайындау мерзімі – екі жылдан астам. Күрделі өндірістік процесс көптеген бақылау нүктелерінен өтеді. Мысалы, атомдық реактордың корпусы үшін мұндай нүктелер – шамамен 300. Бір нүктеден өткеннен кейін ғана келесі нүктеге дейін жұмысты жалғастыруға болады. Бұл кезеңдерді ескеріп жүктеу бағаланады, тиімді бірізділік принципі бойынша оңтайлы график құрастырылады. Бұйым кезеңдердің бірінен өткен кезде, өндірістік қуаттылықтар келесіні қабылдай алады. Компанияның өндірістік мүмкіндіктері параллельді түрде бірқатар процестерді жүргізуге және бір уақытта жабдықтың бірнеше бірліктерін соңғы кезеңге шығаруға көмектеседі.

Жабдық қайда жіберілді

Бір жиынтық Үндістанға, №5 салынып жатқан блок үшін «Куданкулам» АЭС алаңына жіберілді. Екіншісі – Қытайға, №7 «Тяньвань» АЭС энергетикалық блогы үшін. Жүктің жалпы салмағы – 3400 тонна.

«Куданкулам» АЭС Үндістанның оңтүстігінде, Тамилнад штатында орналасқан. АЭС алаңында ВВЭР-1000 реакторлары бар өрт энергетикалық блок салынады – АЭС екінші және үшінші кезектері.
«Тяньвань» АЭС Цзянсу қытайлық провинциясында орналасқан. Росатом 3+ қауіпсіздік қатарына жататын ВВЭР-1200 реакторларымен екі блокты салып жатыр.

Реакторларды қалай жеткізді 

Алдымен автокөлікпен жүкті Цимлянск қаласындағы мамандандырылған айлаққа жеткізілді. Кептеліс тудырмау үшін тек қана түнде тасымалданды. Үлкен габариттері себебінен қалалық қызметтер жолдарды жауып тастады, электр берілістер желілерін сөндірді. Тасымалдағыштар жылдамдығы 2-7 км/сағ құрады.

27 және 29 сәуірде олар баржаларға көшірілді және өзендер арқылы Санкт-Петербург қаласына жіберілді. Өзендер бойынша жол 3500 км құрайды. Баржалар Саратов, Самар, Қазан, Төменгі Новгород, Шлиссельбург және басқа қалалардың жанынан жүзіп өтті.

Санкт-Петербург қаласында баржалар Нева өзені бойынша ажырайтын көпірлердің астында түнде өтеді. Санкт-Петербургтан жабдық тағайындалу орындарына жеткізіледі. Жүк Балтық және Солтүстік теңіз, Гибралтар, Жерорта теңізі, Суэц каналы, Қызыл және Арабия теңізі арқылы өтеді.

Рекордтар жалғасуда

2023 жылы «Атомэнергомаш» рекордтарды қоюды жалғастырады. Жылдың соңына дейін машина жасау дивизионының кәсіпорындары тағы үш атомдық реакторды (қайтадан «Атоммаш» зауытынан) және АЭС арналған басқа негізгі және қосалқы жабдықты, мұз жаратын реакторларды, сондай-ақ басқа бұйымдардың ондаған бірліктерін тиеуді жоспарлауда. Қазір компанияның тапсырыстар қоржынында әртүрлі елдердегі 23 энергетикалық блоктардың реакторлық залы үшін жабдықтар бар. Және бұл СТГ-жобаларға, кеме жасауға, мұнай-газ химиясына, ОЭК, металлургиялық және басқа салаларға арналған жабдықтарды ескермегенде.

Атомэнергомаш (АЭМ) – Росатомның энергетикалық бөлімшесі және атомдық, жылулық, мұнай, кеме жасау және металлургиялық өнеркәсіп үшін жабдықты жобалау, өндіру және жеткізу саласында кешенді шешімдер ұсынатын энергетикалық жабдықтың ең ірі ресейлік өндірушілерінің бірі.