Ресейдің литийге деген көзқарасы
мазмұнға оралуСанкциялар енгізілгеннен кейін автомобиль брендтерінің жеткізілімдерінің қысқаруына және тіпті нарықтан кетуіне тап бола отырып, Ресей өзінің автоөнеркәсібін дамытуға бет бұрды. Электромобильдерге аса мән берілді – олардың бөлшектері аз және мұндай өндірісті ретке қою оңайырақ. Негізгі компонент – батарея. Ол «батареялық» деп аталатын металдардан жасалады – никель, кобальт, марганец, мыс, алюминий және, әрине, литий. Ресейде никель, кобальт, мыс және алюминиймен өзін-өзі қамтамасыз етуде ешқандай қиындықтар жоқ. Марганец бірнеше көздерден импортталады. Негізгі мәселе – литий. Ресей бұл мәселені қалай шешетіні туралы айтып өтпекпіз.
Қазір кезде Ресейде литий өндірілмейді, ал олармен өзін–өзі қамтамасыз ету – бұл саналы түрде қабылданатын және шешілетін мәселе.
Әлемде
Литийге деген жоғары сұраныс – бұл электр көлігінің, ең алдымен Қытайда қарқынды дамуына байланысты әлемдік тренд. Сұраныс ұсынысты қанағаттандыра алмай жатыр. Сонымен қатар, пандемияға және Ресейге қарсы санкцияларға байланысты жеткізу тізбегінің сақталуына қатысты алаңдаушылық бар. Нәтижесінде – 2022 жылы литий бағасының күрт артуы. 2022 жылғы қараша айының ортасында литийдің бағасы тоннасына 84500 долларды құрайтындай тарихи шарықтау шегіне жетті. Салыстырмалы түрде алсақ, 2018 жылы литийдің тоннасы орта есеппен алғанда 25 мың долларды құрады, ал 2020 жылы бағасы тоннасына 6 мың доллардан төмендеді. Сподуменнің (құрамында литий бар минерал, одан литий гидроксиді мен литий карбонаты өндіріледі) 2021 жылы тоннасына 598 доллардан 2022 жылы 2730 долларға дейін өсті. 2022 жылғы қыркүйек айының ортасында баға тоннасына 7800 доллардан асты.
Осылайша, 2022 жылдың ішінде әртүрлі литий өнімдерінің бағасы бір және екі жылғы бұрынғы көрсеткіштермен салыстырғанда біршама асып түсті деп айтуға болады.
Сұраныстың қаншалықты өскенін айту қиын, электромобиль өндірісінің көлемі бойынша сандар әр түрлі. ХЭА мәліметтері бойынша, 2021 жылы бүкіл әлем бойынша 6,6 миллион электр көлігі сатылды – бұл бір жыл бұрынғыдан екі есе көп. ev-volumes.com порталының деректері бойынша 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында 4,3 млн электромобильдер мен оның будандары шығарылды, өсім 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 62% құрады. 2022 жылдың соңында Morgan Stanley 2022 жылы электр көліктерінің өсімі 70% немесе шамамен 2 миллион дана болғанын жариялады. Бұл дегеніміз, американдық қаржы корпорациясының бағалауы бойынша 2021 жылы шамамен 2,86 миллион дана шығарылды дегенді білдіреді. Сандардағы алшақтық жіктемесі мен есепке алуға байланысты деп болжауға болады. Мысалы, Morgan Stanley тек электр көлігін, ал ХЭА будандарын да есептеді.
Дегенмен, сұранысқа жауап ретінде ұсыныс та артты. «2019 жылы литий нарығы айтарлықтай өсімді көрсетпеді, металл өндіру шамамен 300 мың тоннаны құрады. Ертеректе ол жылына шамамен 30-50 мың тоннаға артқан. Қазіргі уақытта нарық жылына 200 мың тоннаға өсуде»,- деп америкалық Albemarle Corp. химиялық компаниясының литий операциялары жөніндегі жетекшісі Эрик Норрис өткен жылғы желтоқсан айының соңында Financial Times газетіне берген сұхбатында мәлімдеді.
Литий өндірісі
Шығару
Өсу қарқыны кібісе жылдарға түзетілді.
Дереккөз: АҚШ Геология қызметі, Ұлыбритания геология қызметі, Британиялық зерттеу және инновациялар агенттігі (UKRI), World Mining Data есебі
Аустралия үкіметі 2022 жылдың желтоқсанында жариялаған тоқсандық есебінде 2022 жылы карбонатқа шаққандағы дүниежүзілік литий өндірісінің көлемі 691 мың тоннаны құрағандығын есептеп шығарды. 2023 жылға болжам – 915 мың тонна, 2024 жылы – 1,087 млн. 2022 жылы сұраныс 745 мың тоннаға бағаланды. 2023 жылы ол 924 мың тоннаны, ал 2024 жылы – 1,091 млн тоннаны құрайды.
Аустралия үкіметі 2022 жылдың желтоқсанында жариялаған тоқсандық есебінде 2022 жылы карбонатқа шаққандағы дүниежүзілік литий өндірісінің көлемі 691 мың тоннаны құрағандығын есептеп шығарды. 2023 жылға болжам – 915 мың тонна, 2024 жылы – 1,087 млн. 2022 жылы сұраныс 745 мың тоннаға бағаланды. 2023 жылы ол 924 мың тоннаны, ал 2024 жылы – 1,091 млн тоннаны құрайды.
Осылайша, Аустралия үкіметінің бағалауы бойынша алдағы екі жылда тапшылық жойылмайды, ал баға өсе береді. Benchmark Mineral Intelligence дүниежүзілік литий нарығындағы ұсыныс тапшылығын 2022 жылы 80 мың тоннаға, өндірістің көлемі шамамен 635 мың тонна деп бағалады. 2023 жылы компания сарапшыларының пікірінше, тапшылық сақталады, бірақ 5 мың тоннаға дейін күрт төмендейді. Себебі – 2023 жылы жеткізілімдердің өткен жылмен салыстырғанда 36%-ға өсуі, олардың көлемі 863 мың тоннаға дейін ұлғаюы тиіс.
Алайда, қытайлық электромобиль өндірушілерінің бірі BYD компаниясының атқарушы вице-президенті Стелла Лидің пікірінше, 2023 жылы нарық профицитке ауысады, себебі жаңа литий кеніштері іске қосылады, бағалар тұрақтанады. Мұндай бағалауды S&P Global Market Intelligence компаниясы да ұстанады. Компанияның болжамы бойынша, 2023 жылы литий карбонатына қайта есептегенде құрамында литий бар өнімдерді жеткізу 858 мың тоннаны құрайды – бұл сұраныстан 2 мың тоннаға жоғары.
Бағалауларды салыстыру нарықта 2022 жылғы өндіріс көлеміне және 2023 жылы баға болжамына, сұраныс пен жеткізілімге қатысты бәтуаластықтың жоқ екенін көрсетті. Барлығының нарықтың айтарлықтай өсуін болжуында ғана біртұтастығы бар.
2023 жылдың қаңтарында литийдің бағасы тоннасына 70 мың доллардан сәл жоғары деңгейге дейін төмендеді. Екі фактор бар. Біріншісі – Қытайдың электромобильдерді сатып алуды субсидиялауды тоқтатуы және салық сияқты сұранысты ынталандырудың басқа шараларына қарамастан сұраныстың төмендеуі. Екіншісі – биылғы жылы нарыққа литий жеткізілімінің күрт өсуі. Bloomberg-тің бағалауы бойынша, ол өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 22-ден 42%-ға дейін болуы мүмкін. Бірақ қаңтар айындағы литий нарығының динамикасын бағалауда біртұтастық болған жоқ.
Қазіргі уақытта литийдің ең ірі өндірушісі – Аустралия. visualcapitalist.com жобасының деректері бойынша оның үлесі 52%-ды құрайды. Екінші орында Чили, елге әлемдік жеткізілімдердің төрттен бірі келеді. Үшінші орында – Қытай (13%), төртінші орында – Аргентина (6%). Тағы төрт ел (Бразилия, Зимбабве, Португалия және АҚШ) әлемдік литий көлемінің 1% өндіреді. Әлемнің қалған бөлігіне тек 0,1% келеді.
Ресейде
Ресей үкіметі елдің қажеттіліктерін шамамен 3 мың тоннаға бағалайды, осы мөлшерде 2021 жылы әртүрлі металл қосылыстары түрінде импортталған. Алайда, импорттың бір бөлігі басқа қосылыстар түрінде экспортталады. Ресейдің литийге ішкі қажеттілігі 400-700 тоннаны құрайды. Литий атом энергетикасында, энергияны жинақтау жүйелерін құру үшін, сондай-ақ тау-кен өндірісіне арналған шөміштер мен майлау материалдарына арналған қож түзетін қоспалар өндірісінде қолданылады.
Меншікті өндірісті жөнге қою жоспарлары бар. РФ-ның өткен жылдың желтоқсанында қабылданған 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған металлургия өнеркәсібін дамыту стратегиясында: «Завитинское, Полмостундровское, Ковыктинское, Ярактинское және Колмозерское кен орындары учаскелерінде 2023-2030 жылдары литий кендерін өндіруді дамыту жобаларын қолдау шаралары кешенін жедел түрде іске асыру литий шикізатына ішкі қажеттіліктерді едәуір дәрежеде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді»,-делінген.
Барлық аталып өткен нысандарды өңдеу қиынға соғады. Мысалы, Завитинское – бұл өңделген кен орны. Мұнда 1941 жылдан 1997 жылға дейін литий өндірілген. Қазір өндіріс қалдықтарынан литийді бөліп алу туралы әңгімелеп отырмыз, Красноярск химия-металлургия зауыты лицензия рәсімдейді.
Ковыктинское кен орны – Ресейдің шығысындағы ең ірі газ кен орны. Литий ілеспе тұзды судың құрамында кездеседі және бірнеше жылдан бері оны өндіру туралы әңгіме жалғасып келеді. 2022 жылы процесс жеделдеп, Ковыктинское 2022 жылдың желтоқсан айының соңында пайдалануға іске қосылды.
Сонымен бірге, Росатом литийді тұзды судан емес, кендерден өндіруді жоспарлап отыр. Бұл кең таралған тәжірибе – пегматиттік кен орындары бар, мысалы, Аустралияда. Олардағы негізгі минерал – сподумен.
Розатомдағы ең тартымдысы – Мурманск облысында орналасқан Колмозерское кен орны. Росатом жобаны «Норникельмен» бірге дамытуды жоспарлап отыр. 2022 жылдың сәуірінде Росатоммен келісімге қол қоюға қатысты «Норникель» релизінде: «Норникель» өнімі бұрыннан бері энергия жинақтауышын құруда маңызды рөл атқарды. Литий сияқты маңызды және сұранысқа ие шикізат есебінен металдар желісін кеңейте отырып, біз аккумулятор өнеркәсібінің негізгі жеткізушісі ретіндегі ұстанымымызды нығайтуға ниеттіміз», – деген компания президенті Владимир Потаниннің сөздері келтірілген.
Әзірге кен орны үлестірілмеген қор иелігінде. Үкіметтің деректері бойынша Коломозерскийдің Р1 санаты бойынша ресурстары (негізділігі жоғары болжамды ресурстар) 2022 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 13,5 млн тоннаны құрайды, оның құрамында 152,6 мың тонна литий оксиді, 1215 тонна тантал пентоксиді және 1485 тонна ниобий пентоксиді бар.
2023 жылғы 8 ақпанда аукциондық комиссияның шешіміне сәйкес Колмозерское кен орнындағы жер қойнауын пайдалану құқығы «Атомредметзолото» және «Норникель» бірлескен кәсіпорны «Полярный литий» ЖШҚ-на табысталды.
Росатом мен «Норникельдің» алдын-ала жоспарлары бойынша Колмозерское кен орны кендерінен әр түрлі литий өнімдерін (гидроксидтер және/немесе карбонаттар) шығару көлемі карбонатқа есептегенде жылына 45 мың тоннаға дейін жетуі мүмкін.
Осылайша, Ресейде бірнеше жыл ішінде Ресейдің литий шикізатына деген ағымдағы қажеттіліктерін толығымен және асыра жабуға қабілетті ірі өндіруші жоба пайда болуы мүмкін.
Әлемдегі басты литий өндірушілерінің бірі Rockwood Lithium бағалауы бойынша сыйымдылығы 25 кВт·сағ автомобиль батареясына 44 фунт (шамамен 20 кг) литий карбонаты қажет. 4 ГВт сағ қуаты бар кәсіпорын үшін қажеттілік шамамен 3,2 мың тонна литий карбонатын құрайды деп жуықтап есептеуге болады. Бұл дегеніміз, Колмозерскоенің жылдық қуаты осындай төрт кәсіпорынға артығымен жетуі керек, ал литий басқа тұтынушыларға сату үшін де қалады.
Колмозерское кен орнының ерекшеліктері
Бүкілресейлік минералды шикізат институты (БМШИ) шығарған «Ресейдің Арктикалық аймағындағы қатты пайдалы қазбалардың минералды-шикізат базасы» ұжымдық монографиясының мәліметтері бойынша
Колмозерское кен алқабына 70 пегматиттік желісі кіреді, оның 11-нің өнеркәсіптік маңызы бар. Беткі қабаттағы пегматиттік денелер жұқа морена түзілімдері қабатымен (бірінші метрлер) жабылған. Кен денелерінің пішіні плита тәрізді, үлкен желілердің ұзындығы 570-тен 1680 м-ге дейін, қуаты 10-нан 50 м-ге дейін өзгеріп тұрады. Желілер параллель желілілк аймақтарға топтастырылған, олардың ең ірілері екі өндірістік учаскені құрайды: Үлкен және Кіші Потчеварак. Li2O құрамы 0,8–ден 1,3%-ға дейін, орташа құрамы 1,14%-ды құрайды. Кен орнын ашық тәсілмен өңдеу болжанып отыр. Колмозерское кендері үшін байытудың гравитациялық-флотациялық технологиялық схемасы жасалды.