Атом энергетикасына алынған бағыт
Жаңалықтар жіберіліміне жазылу
Жазылу
#262Ақпан 2023

Атом энергетикасына алынған бағыт

мазмұнға оралу

 Қазақстанға өзінің атом энергетикасы қажет: бұл туралы еліміздің бірінші тұлғалары да, көптеген сарапшылар да айтып отыр. Бұл бағытта Қазақстан қандай қадамдар жасап жатқанын және Ресеймен ынтымақтастық қалай құрылып жатқанын талқылайық.

Қаңтар айының ортасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Абу-Даби тұрақты даму апталығы» саммитінің ашылу салтанатында сөз сөйледі. Ол өз сөзін БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу және «жасыл» жобаларды іске асыру жөніндегі күш-жігерге арнады. Президент бұл мәселелерді шешу бүкіл планета үшін ортақ міндет екенін атап өтті. Қазақстан бұл процеске белсенді қатысады: Тоқаев еске салғандай, Қазақстан – көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі ұзақ мерзімді стратегияны қабылдаған Орталық Азиядағы бірінші ел болып табылады.

Қазіргі таңда Қазақстан электр энергиясының 70%-ға жуығы көмір ЖЭО-да өндіріледі, алайда жақын болашақта елдің энергетикалық теңгерімі өзгереді. «Жалпы алғанда, біздің жоспарларымыз бойынша 2035 жылға қарай Қазақстанда 6,5 ГВт жаңартылатын энергия ресурстары енгізіледі», – деп атап өтті президент.

Президент Тоқаевтың пікірінше, бұл процесте атом энергетикасы маңызды рөл атқаруы тиіс. «Біздің еліміз әлем бойынша табиғи уран өндіру бойынша бірінші орында. Біз ядролық отын компоненттерін ел ішінде шығарамыз және атом энергиясын қауіпсіз пайдалануды одан әрі ілгерілету мүмкіндіктеріміз зор. Біздің пікірімізше, бұл өңірлік және жаһандық деңгейдегі сауда мен инвестициялар үшін болашағы зор сала болып табылады», – деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тарихи серіктестер

Мемлекеттің бірінші тұлғалары Қазақстанның Алматы облысында еліміздегі алғашқы АЭС салу жоспары туралы бірнеше рет хабарлаған болатын. Елдің 2035 жылға дейінгі болжамды энергия теңгерімінде нұсқалардың бірі ретінде жиынтық қуаты 2,4 ГВт АЭС пайдалануға енгізу қарастырылып отыр.

Қаңтар айында Қазақстанның энергетика министрі Болат Ақшолақов 2023 жылы Үкімет АЭС-на арналған технология жеткізушісін анықтайтынын мәлімдеді. Оның сөзі бойынша, Росатом әлеуетті жеткізушілердің бірі ретінде қарастырылады, басқалардың арасында – кореялық KHNP, қытайлық CNNC және француздық EDF бар. «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қорының бағалауы бойынша Росатомның бірқатар технологиялық артықшылықтары бар.

Ресей мен Қазақстанның атом саласындағы үлкен ынтымақтастасу тәжірибесі бар. Тарихы КСРО кезінде бастауын алған: Қазақстанның кеңестік атом саласы үшін ерекше маңызы болған. Барлығы 1940 жылдардың аяғында уран кендерін іздеуден бастауын тапты. 60-жылдардың басында Қазақстандағы уран кен орындары уран саласының жетекші кеңестік кәсіпорындарын тұрақты түрде қамтамасыз етіп отырды, Қазақстан аумағында уран кенін өңдеуге арналған бірнеше ірі комбинаттар жұмыс істеді.  1957 жылы ҚазКСР Ғылым академиясының Физика-техникалық институтының базасында Ядролық физика институты (ЯФИ) ашылды.  Ал 1972 жылы Шевченко қаласында (қазіргі Ақтау) КСРО-дағы алғашқы БН-350 жылдам нейтрондарда жұмыс жасайтын алғашқы реактор іске қосылды (1999 жылы тоқтатылды).

Жұмыс істеп тұрған барлық үш қазақстандық атом зерттеу реакторы КСРО кезінде салынған. Осылайша, әлемдегі ең көне зерттеу реакторларының бірі – ИГР реакторы 1961 жылы Курчатовтағы (Шығыс Қазақстан облысы) Ұлттық ядролық орталықта іске қосылды. Онда тағы бір зерттеу реакторы – ИВГ.1М жұмыс істейді. Ол, сонымен қатар, жылу шығаратын жинақтарды (ЖШЖ) сынау үшін, сондай-ақ ықтимал апаттық жағдайларды зерттеу және олардың алдын алу шараларын әзірлеу үшін қолданылады. Бұл су салқындатқыш реактор 1990 жылы ИВГ.1 жоғары температуралы газ салқындатқышты жаңарту нәтижесінде жасалды. Қазақстанның ядролық қаруды таратпау жөніндегі халықаралық міндеттемелерін орындау шеңберінде осы реакторда жоғары байытылған уран отынынан төмен байытылған уран отынына айырбастау жұмыстары жүргізілуде.  Өткен жылы Росатомның «ЛУЧ» ҮЕҰ-ғы мамандары осы реактор үшін реактордың көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік беретін инновациялық конструкциялы твэлдер жасап, жеткізді.

1967 жылы Алматы маңындағы Алатау кентінде ВВР-К зерттеу реакторы пайдалануға енгізілді. Қазір оның базасында іргелі ядролық-физикалық және материалтану зерттеулері мен реакторішілік сынақтар, медицина мен өнеркәсіпке арналған радиоизотоптар өндірісі және басқа да жұмыстар жүргізілуде.  ВВР-К бірнеше жыл бұрын төмен байытылған отынға көшті: ол үшін ядролық қондырғыны айырбастау және түпкілікті түрлендіру қажет болды, мұны Росатомның кәсіпорындарына сеніп тапсырды. Доллежаль ат. ҒЗжәнеКЭТИ технологиялық негіздемені қамтамасыз етті, НХКЗ отын өндірді, ал МАШҒЗИ-Систематом компаниясы жаңартылған реактор үшін жаңа басқару және қорғау жүйесін әзірледі.

Қазіргі уақытта Ресей мен Қазақстанның ынтымақтастығы бірнеше бағыттар бойынша құрылуда: бірлескен уран өндірісі (Росатом мен қазақстандық Қазатомөнеркәсіпте – бірнеше уран өндіру бойынша бірлескен кәсіпорындары), уранды байыту, зерттеу реакторына арналған отынды жеткізу, пайдаланылған ядролық отынмен (ПЯО) және радиоактивті қалдықтармен (РАҚ) жұмыс істеу, ядролық зерттеу технологиялары, газ-мұнай химиясы, Қазақстан аумағында ядролық және радиациялық қауіпті объектілерді пайдаланудан шығару.

Өткен жылы Алматыда Әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетінің (ҚазҰУ) базасында ресейлік «МИФИ» Ұлттық ядролық зерттеу университетінің (МИФИ ҰЯЗУ) – Росатомның негізгі университетінің филиалы ашылды. Студенттер «Ядролық энергетика және технологиялар» және «Информатика және есептеу техникасы» даярлық бағдарламалары бойынша білім алады.

Қазақстан ұлттық атом энергетикасы үшін жоғары білікті кадрлар даярлауды белсенді дамытып келеді. Осы жылдың қаңтар айының соңында Қазақстан мен Венгрия атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында кадрларды даярлау және оқыту бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Меморандум шеңберінде АЭС пайдалану және қызмет көрсету, ядролық және радиациялық қауіпсіздік, реакторлық физика, ядролық технологияларды басқару, атом өнеркәсібі, сондай-ақ басқа да бағыттар бойынша кадрлар даярлау үшін оқу және білім беру бағдарламаларын әзірлеу жоспарлануда. Росатом Венгрияда ВВЭР-1200 реакторлары бар «Пакш-2» АЭС–ның екі блогын салып жатқандығын естеріңізге сала кетейік. Келісімшарт аясында Ресей мемлекеттік корпорациясы венгриялық мамандарды оқытумен де айналысады. Болашақ «Пакш-2» қызметкері зерттейтін пәндер тізіміне ондаған атаулар кіреді. Мамандар теориялық оқытудан өтіп, толық ауқымды жаттықтырғышта және референттік АЭС-те тәжірибелік дағдыларды пысықтайды. Небәрі 2025 жылға дейін мамандардың он екі тобын оқыту жоспарланып отыр.